ТУБЕРКУЛЕЗДІ ТОҚТАТУ

Жарияланған: 09.02.2018


Туберкулез туралы не білуіңіз керек?

Туберкулез - ауыр және жұқпалы ауру, дұрыс және уақытылы емделген жағдайда толық емделеді.

Өкпе туберкулезімен ауыратын адам  емделмеген жағдайда жылына 10-нан 25-ке дейін сау адамға жұқтыруы мүмкін, жөтелу, микробтар түшкіру және сөйлесу арқылы   таратылады. Туберкулез – өлім тудыратын ауру. Дұрыс емделмеген жағдайда, бір жыл ішінде ауырған барлық адамдардың жартысынан көбі туберкулезден көз жұмады.

 

Туберкулездің белгілері қандай?

Туберкулез көбінесе өкпеге әсер етеді. Туберкулезбен ауырған жағдайында мынадай белгілер байқалады:

- 3 аптадан артық созылған жөтел.

- терлеу әсіресе түнгі уақытта.

- дене температурасының жоғарлауы, қалтырау.

- дене салмағының төмендеуі.

- тәбеттің нашарлауы.

- жалпы әлсіздену .

- кеудедегі ауырсыну.

 

Өзіңізден немесе жақын адамдарыңыздан бір немесе бірнеше белгілерді байқасаңыз, денсаулық сақтау маманына дереу хабарласыңыз.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес туберкулезді емдеу тегін.

Өзіңізді туберкулезден қалай сақтауға болады?

Өкпе туберкулезымен ауратын адамнан жөтелу, түшкіру және әңгімелесу кезінде ауа арқылы жұғады. Сау адам микробтармен ластанған ауаны жұтады.

Сондықтан:

- Бөлмеде жүйелі түрде желдетілетінін тексеріңіз.

- Жөтелген кезде аузыңызды жабыңыз.

- Дұрыс тамақтану және спортпен айналысу арқылы иммунитетіңізді күшейтіңіз.

- Алкоголизммен немесе нашақорлықпен ауыратын науқастар, темекі шегушілер туберкулез ауруына шалдығу бойынша жоғарғы қауіпте  екенін есте сақтаңыз.

 

Туберкулез қалай емделеді?

Туберкулезді емдеудің толық курсын арнайы туберкулезге қарсы препараттармен емделген жағдайында толық  емдеуге болады. Емдеу курсы кем дегенде 6 айға созылады, оның ішінде ауруханада 2-3 ай ғана өткізеді.

 

Туберкулездің қоздырғыштары өте өміршең!

Емдеу курсын үздіксіз жалғастырып, дәрігердің нұсқауларын қатаң сақтау керек.

 

Есіңізде болсын!

Туберкулез - ауыр және жұқпалы ауру.

Туберкулездің белгілерін есте сақтаңыз және белгілері болған жағдайда дереу дәрігерге қаралыңыз!

Дұрыс емделмесеңіз, сіз туберкулездің таралу көзі боласыз және  жақын адамдарыңызға жұқтырасыз!

Туберкулезді емдеу - тегін!

 Баянауыл ауданының ҚДСБ  эпидемиологиялық бөлімі.

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы