Тұрғындарға арналған жадынама. Қандай инфекциялар су арқылы жұғады.

Халықтың ауруы және суды тұтыну сипатының арасындағы байланысы туралы бұрыннан белгілі.

Таза суды пайдалану ағзаға пайда әкеледі, бірақ онда инфекциялық ауруларды тудыратын патогендік микроорганизмдер болса, адамдар үшін қауіпті болуы мүмкін.

Су жолдарымен: холера, іш сүзегі, паратиф, дизентерия, лептоспироз, туляремия (ауыз сулардың кеміргіштердің секрециямен ластануы), бруцеллез, сальмонеллез беріледі.

Сумен тасымалданатын вирустық аурулар арасында басым болып келетіні вирустардың ішек тобы, соның ішінде энтеровирус,   A гепатиті және басқа да көптеген аурулар бар.

 Судағы инфекцияларға тән:

1) Кенеттен көтерілу және аурудың жоғары деңгейі;

2) Аурулардың жылдам таралуы.

Сумен жұғатын ауруының алдын алу бойынша шаралар:

  1. Қолды сабынмен жақсылап жуу және мұны мүмкіндігінше жиі орындау.
  2. Ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану.
  3. Тағамдарды сақтау және дайындау ережелерін сақтау.
  4. Термиялық өңделген тағамды асқа пайдаланыңыз.
  5. Жеке гигиена ережелерін сақтау.
  6. Көкөністер мен жемістерді қайнаған сумен өңдеу.
  7. Ластанған су қоймаларында шомылмаңыз.

Мына ұсыныстарды орындаңыз және сау болыңыз!

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы