Тұмаудын алдын алу

А тұмауы, А (H1N1), А (H3N2) кіші типтері және В вирусының белсенді айналымы болжануда.

Қазақстанда жыл сайын 600-ден 1,0 миллионға дейін жедел респираторлық инфекциялар мен тұмау оқиғалары тіркеледі. Көптеген жағдайларда 14 жасқа толмаған балалар және олардың жалпы санының 70% құрайды. 2017-2018 жылдардағы эпидемиялық маусымда болжамға сәйкес, өткен жылдардағыдай, халық арасында А тұмауы, А (H1N1), А (H3N2) кіші типтері және В вирусының белсенді айналымы болжануда.Тұмаумен қатар жедел респираторлық аурулар ЖРВИ - әлемдегі ең көп кездесетін аурулар тобы, Қазақстанда айналымды біріктіретін паратұмау, тыныс алу синцитиалды инфекциясы, риновирус және аденовирус жұқпалары және әр түрлі вирустардың үлкен саны (300-ден астам) болуы мүмкін.

Жалпы тұмау ең көп зерттелген, бірақ сонымен бірге болжап болмайтын инфекция. Сондықтан тұмаудың алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация болып табылады.

Иммундау науқаны 1 қазаннан басталады.

Халықтың ең осал топтары мемлекеттік бюджет  (созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары, иммундық тапшылығы, әлсіреген және жиі ауыратын балалар, медицина қызметкерлері және жүкті әйелдер) есебінен вакцинацияланады.

Бұған қоса, әрбір адам өзінің тұрғылықты жерінде мемлекеттік және жеке егу кабинеттерінде тұмауға қарсы вакцинаны өз есебінен алуға болады.

Бүгінгі күні Қазақстанда тұмауға қарсы вакцинаның төрт түрі тіркелді: Агриппал (Италия), Ваксигрип (Франция), Инфлювак (Нидерланды), Гриппол плюс (Ресей).

Тұмауға қарсы вакцинациядан басқа, тұмау мен басқа да тұмауға ұқсас ауруларды (ЖРВИ) болдырмау үшін арнайы емес шаралар да бар. Олар:

- адамдардың жаппай жиналатын орындарында болу уақытын шектеу;

- жабық бөлмелерде және адамдардың жаппай жиналатын орындарында бір реттік масканы қолдану;

- мүмкіндігінше, аурудың белгілері бар, мысалы, түшкіру немесе жөтелген адамдармен байланысты азайту;

- сабынмен жиі және мұқият қолды жуу, әсіресе көшеден келгенде және қоғамдық көліктерден кейін;

 - мұрын қуысын тұзды ерітіндімен жуу, әсіресе көше және қоғамдық көліктен кейін;

- отырған бөлмені жиі желдету;

- отырған бөлмеде үнемі ылғалды тазалау;

- бөлме ауасын ылғалдандыру;

- С витамині бар (мүкжидек, итмұрын, шырғанақ, лимон және т.б.) тағамдарды барынша көп пайдалану.

 Баянауыл аудандық ҚДСБ

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы