Су жолдарымен жұғатын инфекциялық аурулар. Соматикалық аурудың дамуына су сапасының әсер

Жарияланған: 11.09.2017


Су көптеген инфекциялық аурулардың таралуының маңызды факторы болып табылады.   Сумен таралатын (тырысқақ, іш сүзегі, бактериялық дизентерия, жұқпалы  өткір энтерит) ішек инфекциялары XIX -шы ғасырдың басында адамдар үшін нақты апат болды, ауыр эпидемиядан мыңдаған адамдар көз жұмды.

Елді мекендерден тұрмыстық сарқынды сулар арқылы, аталған аурулардың   қоздырғыштары суға түседі.

Тұрмыстық ағынды суларда эпидемиялық кезеңдер арасында да жасырын түрде бацилло бөлгіш патогендік  микроағзалар  болады. Әсіресе, ауруханалардың ағынды сулары қауіпті.

Судың ластануының себебі су қоймаларына қоқыстар тастау, жағалаудағы қоқыстармен ластануы, жаппай жуыну, кішкене су қоймасында кір жуу, жер асты суларына жерқоймаларынан, дәретханалардан жуынды-шайындылардың ағуы, құдықтарды кірленген шелекпен потогендік микроағзалармен ластау т.б.

 Эксперименттік зерттеулердің көмегімен белгіленгендей, қолайлы жағдайда ішек инфекцияларының қоздырғыштары ашық су қоймаларында және құдықтарда бірнеше айға дейін болуы мүмкін, бірақ көп жағдайда олардың жаппай қырылуы екі жұмада болады.

Ішек инфекциясының су эпидемиясы елді мекендерде  ашық су қоймаларынан немесе қолайсыз құдықтардың суын ішуге пайдаланғанда болады.Лептоспироздың таралуынада су жолы өте жиі кездеседі. Лептоспиралар су көздеріне кеміргіштердің, шошқалардың және ірі қара малды несебімен түседі.

Ауру көбінесе ашық су көздерінен (тоғандар, арықтар, суару каналдары) су ішкенде, суда шомылғанда  немесе кір жуғанда жұғады, сонымен қатар  лептоспирлер  шырышты қабықшалар және  терідегі микрозақымдалулар арқылы   ағзаға енеді.

Ауылдық жерлерде   туляремия судан таралу кезінде байқалғаны, адамдар құдықтардан, бұлақтардан, тоғандардан суды пайдаланғандан.Ауру кеміргіштер сұйықтықтары арқылы немесе туляремиядан өлген егеуқұрытардың өлігі сумен байланыста болғанда туляремияның қоздырғыштары суға түседі. Су (малтуға арналған бассейндер, тоғандар) эпидемиялық вирустық конъюнктивиттің таралу факторы болу мүмкін. Ластанған судан адам ағзасына патогендік микробтардан басқа,  ламблияның цисталары, аскаридтердің құрты және  қылдырықбас, анкилостома құрты, бауыр церкариы түсуі мүмкін. Аталған құрттар иновазиялары сумен берілу жолдары кіші ластанған су көздерінен су ішуге және көкөністерді жууға суды пайдаланғанда және ол су көздерінде шомылғанда жұғуы мүмкін.

1000 мг / л астам минералды тұздары бар суда жағымсыз дәмі болуы мүмкін (тұзды, ащы-тұзды, тұтқыр), секрецияны төмендетеді, асқазан мен ішектің мотор функциясын арттырады, тамақ өнімдерін сіңіруге теріс әсер етеді және диспепсияны тудырады. Қазіргі уақытта судағы микроэлементтерді зерттеуге қызығушылықтың артуы байқалады:фтор, йод, стронций, селен, кобальт, марганец, молибден және басқалар.

Әрбір микроэлементтер денеде белгілі бір мөлшерде пайдалы әсер көрсетеді: бұл саны асып кету және оның жеткіліксіздігі денеге теріс әсер етеді. Осылайша белгілі бір  микроэлементтердің   құрамының суда жоғарылауы геохимиялық эндемияға алып әкелуі мүмкін.

Әлемдегі судан пайда болу геохимиялық эндемияның арасында кең таралғаны судағы фтордың жоғары концентрациясынан (1-1,5 мг / л артық) туындаған флуороз болып табылады. Сонымен қатар, ауыз судағы фтор деңгейінде аз болуы (0,5 мг / л-нен төмен) тұрғындарда тістердің кариттері 2-4 есе артуы байқалады.

Азық-түліктегі йодтың жеткіліксіздігінен туындаған жемсау бойынша эндемияға жататын жерлерде судағы йодтың жоғары мөлшерде болуы -30-100 мкг / л -  эндемияны  әлсіреуі  немесе тоқтатылуы мүмкін.

Жер асты суларындағы қорғасынның, мышьяктің, сынаптың немесе басқа да микроэлементтердің жоғары құрамда болуынан туындаған рудалық минералды жерлерде халық немесе жануарлар арасында эндемикалық сипатты аурулар байқалған. Тазартылмаған өнеркәсіптік ағынды суларды жіберу,   ашық су объектілерінің суларындағы мышьяк, сынап, кадмий, қорғасын, хром және басқа да зиянды қоспалардың уытты концентрациясының пайда болуына әкелуі мүмкін.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын зиянкестермен күресу және орман өсіру үшін пестицидтерді кеңінен қолдануға байланысты қоршаған ортада тұрақты пестицидтер (гексахлоран және т.б.) ашық су қоймалары немесе жер асты суларының суларына кіруі мүмкін.

Сапалы судың жеткілікті мөлшерін қамтамасыз ету - елді мекендерді сауықтырудың ең маңызды негізгі элементтерінің бірі.

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы