Сібір күйдіргісі: өзіңді қалай қорғау керек- дәрігерлер кеңесі

Жарияланған: 22.05.2017


Соңғы 10 жылда Қазақстан Республикасында адамдардың сібір күйдіргісімен науқастануының 55 жағдайы анықталған. 

Жалпы дәрігерлердің  айтуынша, Қазақстан Республикасының  табиғаттық-климаттық жағдайы сібір күйдіргісінің  микробы сақталуына қолайлы, сондықтан аймақта 1800 –дей сібір күйдіргісі бойынша  стационарлық-қолайсыз орын тіркелген (бұл аймақтарда топырақтық ошақ тіркелген  орындар бар (сібір күйдіргесінен өлген малдарды сойған және заңсыз көмген жері) немесе сібір күйдіргісімен адам және малдардың  ауру жағдайы). Соңғы 10 жылда Қазақстан Республикасында адамдардың сібір күйдіргісімен науқастануының 55 жағдайы анықталған. 

Сонымен, сібір күйдіргісі деген қандай ауру? 

Сібір күйдіргісі- адамдар және жануарларға аса қауіпті ауру, көбінесе тері қабаттарын, сонымен қатар  ішек және өкпені зақымдайтын, тез өршитін жіті жұқпалы ауру. Қоршаған ортада 70 жылдар бойы сақталатын споралы  қозғалыссыз таяқша. 

Адам сібір күйдіргісін ауру жануарларды баққанда, оларды сойғанда: етті бөлшектегенде, оның терісін алып және өңдегенде, ауру малдың еттерін, сүтін пайдаланғанда жұқтырады. 

Аурудың тері формасы басталғанда науқастарда таяқша енген жерде (бетінде, мойнында, қолдарында) 2-3 күннен кейін қызыл түсті дақ пайда болады, келесі 2 күннен кейін ол карбункулға (жараға) айналады. Науқастың жалпы жағдайы нашарлайды, дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріледі, бас ауруы, тәбеттің болмауы, лоқсу, кейде құсу симпотомдары қосылады 

Қазіргі таңда сібір күйдіргісін емдеуге арналған күшті әсерлі дәрі-дәрмектер бар, алайда тек қана дер кезінде жасалған медициналық көмек сауығып кетуге кепілдік береді. Сондықтан аурушаңдықтың алғашқы белгілері пайда болысымен –ақ, жақын орналасқан емдеу- алдын алу мекемелеріне барып, медициналық көмекке жүгіну қажет. Дәрігерге дер кезінде қаралғанда және арнайы емдеу шараларын жүргізгенде дерттен  толығымен жазылып кетуге болады. 

Аурудың алдын алу шаралары: 

Үйшаруашылығындағы  малдарды Сібір күйдіргісіне қарсыміндетті түрдеегу. 

Малды ветеринарлық тексерусіз  соймау. 

Ауруғашалдығуқауіпінсезінгендежедел медицина қызметкерлерінежүгіну. 

Сүт — етөнімдерін ветеринарлы қанықтамасы жоқ, кез — келгенжерденсатыпалмау. 

 

Баянауыл аудандық   

денсаулықты сақтау  

басқармасының басшысы:                                                Т.Н. Ишанова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы