Пресс-релиз

Жарияланған: 13.02.2018


Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында. аурулардың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, денсаулық сақтауды нығайтудағы рөлін күшейту туралы 2018 жылғы 7 ақпанда орталық аудандық аурухананың базасында ауданның мектепке дейінгі мекемелері мен білім беру мекемелерінің медицина қызметкерлерімен семинар өткізілді.

Семинар барысында «Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының көрсететін мемлекеттік қызметтері», «А вирустық гепатиттің алдын алу», «Жедел респираторлы вирустық инфекция мен тұмаудың алдын алу», «Дерматомикоздың алдын алу», «Темір тапшылық анемиясының  және йод тапшылығы ауруларының алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы