Пресс-релиз

Баянауыл аудандық қоғамдық  денсаулық сақтау басқармасының мамандары орталық  аудандық аурухана негізінде 2018 жылдың  5 сәуірінде Баянауыл ауданындағы медициналық амбулаториялар, медициналық орталықтар мен мектептердің медициналық қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысының қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға бағытталған бес әлеуметтік бастамасы түсіндірілді. 

Сонымен қатар, келесі тақырыптар бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілді:

1) «Безгекті жұқтыру қаупі»

2) « Сақ болыңыз, ботулизм»

3) «Жіті ішек инфекцияларының, тамақтан уланудың алдын алу»

4) Өндірісті бақылау

5) «Медициналық қалдықтарды қауіпсіз басқару туралы»

6) «Йод тапшылығын, темір тапшылығы жағдайларын алдын алу. 

     Аймақта ЙТА, ТТА ауруларын талдау»

Семинар соңында семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, ортақ мәселелерді  және оларды шешу жолдарын талқылады.

 

Баянауыл аудандық ҚДСБ

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы