Павлодар облысында 2019 жылдың 10 сәуірінен бастап 10 мамырына дейін сальмонеллезді, жіті ішек инфекцияларын және тамақтан уланудың таралуын болдырмау және іс-шараларды күшейту мақсатында айлық жарияланды.

Балаларды және өздеріңізді  жіті ішек инфекцияларынан, тамақтан уланудан, сальмонеллезден қорғану үшін төмендегі нұсқауларды ұстану керек:

  1. Жеке гигиена ережелерін қатаң ұстаныңыз, көшеден үйге келгенде, дәретханадан кейін және тамақ ішерде қолдарыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
  2. Ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдаланыңыз, пайдаланарға дейін кем дегенде 5 минут қайнатыңыз.
  3. Бұлақтардан және басқа да көздерден әкелінген суды пайдаланар алдында қайнатып ішу керек.
  4. Жаппай демалу орындарында бөтелкедегі суды ішкен кезде бір реттік стақанды пайдалану.
  5. Тамақты дайындау мен тамақтану алдында қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз.
  6. Көкөністер мен жемістерді, цитрус жемістер мен баналарды қоса алғанда, пайдаланар алдында оларды таза сумен жуып, қайнаған сумен жидітуден кейін ғана қолдануға болады.
  7. Кездейсоқ адамдардан немесе рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік сатып алмаңыз.
  8. Үй жағдайында ыстық және салқын тағамдарды дайындау кезінде гигиена ережелерін сақтаңыз, тағам өнімдерінің, әсіресе, тез бұзылатын заттардың сақтау мерзімдерін және сақтау шарттары сақтау, шикі және тез бұзылатын тағамдарды бөлек сақтау қажет.
  9. Жуғаннан кейін ас үй ыдыс-аяқтарын қайнаған сумен жидіту.
  10. Тамақты, әсіресе ет, құс, жұмыртқа және теңіз өнімдерін мұқият қайнатыңыз немесе қуырыңыз.
  11. Күнделікті дымқыл тазалау жүргізіңіз.

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы