Оба ауруын қалай болдырмау керек

Оба - бұл Yersinia Pestis бактериясы туындаған, ықтимал өлімге әкелетін ауру. Ол адамға кеміргіштер, бүргеден, нашар пісірілген тағамнан, тіпті тыныс алатын ауа арқылы берілуі мүмкін.

Обаның ең ауыр жағдайы орта ғасырларда Еуропада болды, халықтың үштен бірі аурудың салдарынан көз жұмды. Қазіргі уақытта санитарияның жағдайдың жақсаруына байланысты оба өте сирек кездеседі, бірақ осы аурудың жағдайлары кейбір елдерінде әлі де пайда болады. Мысалы, Құрама Штаттарда жыл сайын 5-тен 15-ке дейін оба оқиғасы тіркеледі.

Аурудың белгілері. Оба ағзаның қандай бөлігіне бактериялардың көбейюіне байланысты үш түрге бөлінеді: бубон, септикалық және өкпелік. Белгілер оба түріне байланысты және әдетте бактериялармен байланысқан сәттен бастап 3 күн ішінде пайда болады. Бубон обасы лимфа түйіндеріне әсер етеді және бұл аурудың ең таралған түрі болып табылады.

Белгілері: шапта және қолтықта лимфа түйіндері ісінеді, олар жұмыртқаның мөлшеріндей болады.

Басқа белгілер – дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас ауруы, шаршау және бұлшықет ауруы. Септикалық оба қан тамырларында дамиды.

Аурудың белгілері келесідей: безгек, қалтырау, іштің ауыруы, диарея, құсу, ауыздан, мұрыннан немесе тік ішектің қан кету, есеңгіреу, сондай-ақ саусақтардың, бақайлар мен мұрын тіндерінің жансыздануы. Өкпелік оба, өкпеге әсер етеді және емделмеген жағдайда, обаның ең қауіпті түрі болып табылады. Белгілері: тыныс алу проблемалары, дене қызуының көтерілуі, жүрек айнуы, құсу, жөтел (кейде қанмен) және жалпы әлсіздік болады.

Обаның алдын алу.

Ауру немесе өлі жануарларды ұстамаңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, өлі жануарды қолға алмас бұрын, жұқтыруды болдырмас үшін резеңке қолғапты, сондай-ақ маска немесе көзілдірікті киіңіз.

Кеміргіштер қиларын қолға алмаңыз. Тышқандар мен егеуқұйрықтар оба және басқа да ауруларды өздерінің қилары арқылы тарата алады. Егер сіздің үйіңізде көптеген тышқандар бар болса, бұл мәселені адамгершіліпен арылуға тырысыңыз. Барлық үстел, шкафтарды, едендерді және кеміргіштер табылған үйдегі басқа жерлерді мұқият жуыңыз.

Жұқтырған адамдар мен жануарлардан қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз. Егер сіз өкпелік обадан зардап шеккен адамды білсеңіз, оны емдеуге дейін бір метрден артық жақындамаңыз.

Бүргеден аулақ болыңыз. Бұрын вирус жұқтырған жануарды шаққан бүргенің шағуынан инфекциясы пайда болады. Егер сіздің үйіңізде бүргелер пайда болса, онда олардан дереу құтылуға және жәндіктерге қарсы  диетилтолуамидті (ДЭТА) өз-өзіңізге себу арқылы өзіңізді шағудан қорғайсыз.

Қолыңызды сабынмен және сумен үнемі жуыңыз. Бұл жақсы әдеттер сізге жеке гигиенаны сақтауға көмектеседі және көптеген аурулар, соның ішінде оба сияқты аурулардың алдын алады. Әсіресе дәретханаға барғаннан кейін, тамақтану алдында және бетіңізді ұстамас бұрын, жануарларға немесе олардың қиларын ұстаған болсаңыз қолдарыңызды жуыңыз. Егер қажет болмаса көзіңізді, мұрыныңызды, ауызды ұстамаңыз.

Ауруға шалдыққан болсаңыз, дереу ауруханаға барыңыз. Бүгінгі күні обаны антибиотиктер арқылы емделуге болады. Бірақ белгілердің басталуына дейін қабылданған антибиотиктер тиімді болады.

 Әдетте белгілер бактериялар жұқтырғаннан  кейін шамамен 3 күн өткенде пайда болады. Егер сіз оба жұқтырған ағзамен байланыста болғаныңызды білсеңіз немесе күдіктенсеңіз, онда белгілердің басталуын күтпеңіз. Барлық қажетті алдын-алу шараларын қолдануға дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Кеңестер

Төтенше жағдай туындаған кезде жергілікті радиостанциялардың жаңалықтар таратылымын көріңіз. Сізге не істеу керектігін түсіндіретін нұсқаулар беріледі. Инфекция расталғанша,  сыртқа шығуға қауіпсіз болғанша үйден шықпаңыз.

Төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, ұзақ уақыттан бері үйде қалуға мәжбүр болған кезде әрқашан үйдегі бөтелкедегі су қорларына және консервілік өнімдерді сақтаңыз.

Ескертулер.

Егер сіз антибиотиктерді уақытында қабылдамасаңыз, оба өлім ауруына айналуы мүмкін. Бактериялармен байланысқаннан кейін мүмкіндігінше дереу  дәрігерге хабарласыңыз. Құрама Штаттарда оба оқиғалары Аризона, Нью-Мексико және Колорадода жиі кездеседі. Егер сіз осы мемлекеттердің біріне болып, жоғарыда аталған белгілердің кез-келгенін сезсеңіз, дереу дәрігерге жүгініңіз.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы