Введите ваш запрос для начала поиска.

Ұнды дәрумендер мен минералдармен байытылуы (фортификациялау) туралы қажетті ақпарат

Жарияланған: 05.10.2017


Бүгінгі күні әлемнің 2 миллиард тұрғыны, әр бір үшінші адам темір тапшылығы анемиясынан (ТТА) зардап шегуде. Анемия немесе оны халық арасында қаназдық деп атайды, бұл зұлым ауру, ағзаны білімсіз бұзады.

Темір және фолий қышқылының тапшылығы

  • Ересектердің темір тапшылығы аналар өлімінің 40 % құрайды (жүктілік немесе бала туу кезінде), салмағы жеткіліксіз балалардың тууы, дене күшінің және төзімділіктің 20-40% төмендеуі, бұлшық еттің әлсіреуі, ақыл-ой еңбегінің адамдарында 5 %, дене еңбегінің адамдарында 17% еңбек өнімділігіні төмендейді.
  • Балалардың темір тапшылығы интеллектуалдық дамуының әлсіздігіне, ақыл-ой дамуының шамасының төмендеуіне (IQ), дене және психомоторлық дамуының шектелуіне, жұқпалы ауруларға иммунитетінің әлсіздігіне, есте сақтау зейінінің төмендеуіне әкеледі. Темірдің жетіспеушілігі екі жасқа дейінгі балалардың әсіресе миының дамуына әсер етеді және бұныңсалдары баланың өмірінің келесі жылдарында түзелмейді.Фолий қышқылының жетіспеушілігі ұстамалы жүрек ауруына әкеледі- әлемдегі әр бір 10-шы жүрек ұстамасы фолий қышқылының жетіспеушілігінен болады. Тоқ ішек қатерлі ісігінің  және Альцгеймер ауруының қауіпі жоғарлайды. Жүкті әйелдің ағзасында фолий қышқылының жетіспеушілігі туа біткен кемтарлыққа («қоян ерін», «қасқыр ауыз»), сал  және аэнцефалия  ауруларына (бас миының жоқтығы) әкеледі..
  • Йод тапшылығы қалқаша без (жемсау) ауруларына, ойлау қабілетінің төмендеуіне әкеледі, жүйке жүйенің дамуына әсер етеді. А дәруменінің тапшылығы жасушаның иммунтапшылығына, бойдың баяу өсуіне, ауырсыну және температуралық сезімталдықтың жоғарлауына, ұйқысыздыққа, әлсіреуге әкеліп соғады.

Мәселені шешу

Йод тапшылық пен йод тапшылық бұзылыстарының жалпылама алдын алудың ұзақмерзімдік жəне тиімді əдістеріне йодпен байытылған тағамдық қабылдау жатады. Бүкіл əлемде ондаған жылдар бойы тұзды табысты түрде йодтап келеді. Бұл мақсатқа тұз өте қолайлы – тұзды барлық халық пайдаланады жəне белгілі мөлшерін ғана. Тұзды йодтау адам организміне тұзбен түсетін йод мөлшерін жақсы бақылауға мүмкіндік береді. Егер барлық тұз йодталынатын болса, бұл тұзды қабылдайтын барлық адамдардың йодқа деген қажеттілігі толығымен өтеледі. Тамақпен йод алудың ең жақсы жолына күнделікті тек қана йодталынған тұзды пайдалану жатады.

 

Дәрумендер және минералдар тапшылығы мәселесін шешудің 3 негізгі жолы бар: саплиментация (Supplementation) —  құрамында қажетті микроэлементтер немесе дәрумендері бар дәрі-дәрмектерді пайдалану (дәрілік емес) таблетка немесе шәрбат түрінде, (мысалы бидай ұнын темірмен, фолий қышқылымен және дәрумендермен немесе йодталған тұзбен байыту);

 

 ТТА алдын-алуда 3 негізгі стратегия қарастырылған:

  1. Халықтың тамақтану дағдыларын ақпараттандыру әдістерін қолдана отырып оңтайландыру. Аталған стратегия уақытты талап етеді, өйткені халықтың тамақтану әдеттері бәсең өзгереді.
  2. Анемияны емдеу үшін құрамында темір бар препараттарын қолдану. Стратегияның ақауы- дәрілік препараттардың қосалқы әсерлері, халықты тұтас қамтымау.
  3. Ұнды фортификациялау – халықтың жиі қолданатын азығын, яғни ұнды дәруменді-минералды қоспалармен байыту.

 

 Адамның күнделікті рационында нан ерекше орын алады.   Бидай мен қарабидай кең таралған дәнді дақыл, олар өздігінен В1, В2, В6, Е дәрумендері, ниацин, темір, мырыштың көзі. Бірақ, дәннің ұнға өңделуі, нан-тоқаш, ұндық, кондитерлік және дәндік бұйымдарды пісіру немесе басқа да технологиялық өңдеу дәрумендер мен минералдардың едәуір жоғалуына әкеледі.  Микронутриенттердің үлкен бөлігі сыртқы қабығы мен дәннің ұрығында болғандықтан, негізгі олардың шығындалуы ұнды тарту процессіне тиесілі. Біздің елдің халқы ақ ұнның нанын ұнатады, ал оның өндірілуінде ұнның кебегімен дәрумендер мен минералдардың үлкен бөлігі жойылады.  Жоғары сұрып ұн өндірісінде, кебектермен 75-90%  микронутриенттер жоғалады. Темірдің құрамы 4 есе, оның қорытылуына қажетті микроэлементтер  (мыс- 3 есе, мырыш - 35 есе, магний- 3,7 есе, марганец – 3,8 есе) де күрт төмендейді. Жоғары тазартылған ұнда  В1 дәрумені 9 есе, В2  -2 есе, ниацин -6,8  есе қарабидай ұнынан (тартылған, бірақ еленбеген ұн) аз болады.   Дәнді өңдеу кезіндегі шығынды дәруменді –минералды қоспалармен толықтыру, демек адам ағзасын қажетті заттектермен қамтамасыз ету. Көптеген елдерде, олардың арасында өнеркәсібі дамыған және жаңадан дамып келе жатқан елдер де бар, күнделікті тұтынатын және қолжетімді  азық-түліктерді дәрумендермен, минералдармен байыту арқылы, микронутриенттер тапшылығын жоюға, оның ішінде теміртапшылығы анемиясының күрт азайтуға қол жеткізді.  Әлемнің 81 елінде ұнды міндетті түрде фортификациялау заң негізінде жүргізілуде.  Қазақстан аумағындағы сауда айналымындағы жоғарғы және бірінші сұрыпты бидай ұны 2009 жылдан бері міндетті түрде дәрумендер мен минералдармен байытылуы (фортификациялау) тиіс  (ҚР «Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінің 160 бабы). Ұнды міндетті түрде байыту балалардың өмір сүруіне, келісімді жетілуі мен саулығына бағытталған.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы