Өндірістік бақылау туралы мәлімет

Өндірістік бақылау – өндірілетін өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің адам және оның тіршілік ететін ортасы үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған, дара кәсіпкер немесе заңды тұлға орындайтын іс-шаралар, оныңішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтар кешені.
         Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар өздері жүзеге асыратын қызметіне сәйкес Кодекстің 90-бабының 4-тармағына сәйкес  "Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 239 бұйрығымен бекітілген  Санитариялық қағидаларда көзделген талаптарға сай өндірістік бақылауды жүзеге асыруға міндетті.
         Дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар өндірістік бақылаудың тиімді жүйесін әзірлейді, құжаттамалық ресімдейді, енгізеді және жұмыс жағдайында ұстайды.
         Өндірістік бақылауды қамтамасыз ету дара кәсіпкерге және заңды тұлғаның басшысына жүктеледі. Жүзеге асырылатын өндірістік бақылаудың уақтылығын, толықтығын және дәйектілігін қатамасыз ету дара кәсіпкердің және заңды тұлға басшысының бұйрығымен тағайындалатын
лауазымды тұлғаларға жүктеледі.
         Өндірістік бақылаудың мақсаты объектіде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарында (бұдан әрі – нормалау құжаттары) белгіленген талаптардың сақталуына өзін-өзі бақылауды ұйымдастыру және жүргізу жолымен өнімнің, жұмыстардың және
көрсетілетін қызметтердің адам үшін қауіпсіздігін және (немесе) зиянсыздығын қамтамасыз ету болып табылады.
           Өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
Өндірістік бақылауды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыруды дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар жүргізеді.
         Өндірістік бақылау мыналарды қамтиды:
1) өндірістік бақылау бағдарламасын әзірлеу;
2) нормалау құжаттарында белгіленген жағдайларда:
өндірістің адамға және оның денсаулығына әсер етуін бағалау мақсатында жұмыс
орындарында, өнеркәсіптік алаң аумағында;
халықтың денсаулығына тәуекелді және белгіленген санитариялық-қорғаныш аймағының (СҚА) санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігін бағалау үшін экологиялық өндірістік бақылау бағдарламасы бойынша орындалған СҚАшекарасындағы атмосфералық ауаны; шикізатты, жартылай фабрикаттарды, қаптамалау материалдарын, тамақ өнімдерімен және сумен жанасатын бұйымдарды, тарату желісіне, тарату желісінен, резервуарлардан түсу алдында сумен жабдықтау көзінен алынатын ауыз судың қауіпсіздігін, дайын өнімді және оларды өндіру,
сақтау, тасымалдау, өткізу, жинау, кәдеге жарату, жоюдың технологиялық процесі барысында гигиеналық талаптардың сақталуын, сондай-ақ бақылаудың қажетті дәйектілігін және толықтығын қамтамасыз ететін өлшеу құралдарын бақылауды жүзеге асыру (ұйымдастыру);
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 128 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 10634 болып тіркелген) бекітілген Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларына сәйкес медициналық қарап тексеруден және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 24 маусымдағы № 449 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11714 болып тіркелген) Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды гигиеналық оқыту қағидаларына және Халықтың декреттелген тобындағы адамдарды
гигиеналық оқыту бағдарламаларына сәйкес гигиеналық оқытудан өтудің уақтылығын және толықтығын бақылау, сондай-ақ жеке медициналық кітапшаларды есепке алу;
4) өнімнің (оның ішінде келіп түсетін шикізаттың, қаптамалау материалдарының, тамақ өнімдерімен жанасатын бұйымдардың) қауіпсіздігі мен сәйкестігін растайтын құжаттардың бар болуын, құжаттардың (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің, сәйкестік туралы
декларациялардың, сертификаттардың, ветеринариялық құжаттардың), сондай-ақ рұқсат беру құжаттарының (санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе қызметтің басталуы туралы хабарламаның қабылданғаны туралы талон) қолданылу мерзімдерін бақылау;
5) тәуекел факторларын бағалау, анықталған қауіп-қатерді, өндірістік және қоршаған орта факторларының қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы өлшемшарттарын талдау және қауіп-қатерді басқаруды қамтамасыз ету үшін бақылаудың сыни нүктелерін айқындай отырып,процестердің (пайдалану, жинау, тасымалдау, сақтау, залалсыздандыру, кәдеге жарату, қайта
өңдеу, көму), жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін бақылау әдістерін айқындау;
6) өндірістік бақылауды жүзеге асыруға байланысты құжаттаманы есепке алу және есептілігін жүргізу. Құжаттарды сақтау мерзімдері – кемінде үш жыл;
7) халықты, жергілікті атқарушы органдарды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік
санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарын авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы, технологиялық процестердің бұзылулары, объектінің қызметіне байланысты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қатер төндіретін жаппай (3 және одан көп
жағдайлар) инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен уланулардың пайда болу жағдайлары туралы хабардар ету схемасын әзірлеу;
8) өндірістік бақылау бағдарламасында көзделген іс-шаралардың орындалуын, технологиялық процестер барысында гигиеналық талаптардың сақталуын, микробиологиялық, химиялық, токсикологиялық, вирусологиялық, радиологиялық, биологиялық қауіп-қатерлер мен
бөтен қосылыстарды жою мен азайтудың уақтылығын бақылау. Бақылау барысында іс-шараларды түзету және анықталған бұзушылықтарды жоюға бағытталған шараларды іске асыру жүргізіледі.

 

Баянауыл аудандық  қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы