Назар аударыңыз! Менингит!

Менингит - бұл ми мен жұлын қабыршағының қабынуы.Аурудың пайда болуына байланысты үш негізгі топқа бөлінеді: менингококктық, іріңді және серозды менингит.

Менингококк менингиті бар науқастар басқаларға жұқтыру қауіпін төндіреді, себебі бұл ауру ауыр түрде отеді  және науқас жөтелу және түшкіру кезінде сыртқы ортадағы қоздырғыштарды қарқынды түрде шығарады.

Вирустық серозды менингиті энтеровирустармен, сондай-ақ басқа да вирустармен байланысты.

Вирустық сероздың менингиті менингококктен және іріңді менингиттен айырмашылығы қатерсіз өтеді - өте сирек асқынулар береді.

Инфекцияның көзі - науқас адам және «сау» вирустық тасымалдаушы: вирус су, көкөніс, жеміс, азық-түлік, лас қолдар арқылы тасымалданады және адамдар көп жиналған жерде ауа-тамшы арқылы тасымалдануы мүмкін. Инфекция көбінесе су қоймаларында және бассейндерде жүзгенде пайда болады. Іріңді менингит-ми қабығының  іріңді қабынуы. Ол ағзадағы негізгі септикалық ошақтың аясында дамиды.

Қоздырғыштың таралуы кез келген локализацияның жұқпалы ошағынан мүмкін болады, бірақ көбінесе жоғарғы тыныс жолдарының ұзақ мерзімді инфекцияларынан (өткір және созылмалы іріңді отит, синусит - гайморит, фронтит) болады.

Іріңді менингит қоздырғышының енуі ағзадағы иммундық жүйенің әлсіреуіне байланысты, бұл жиі өткір респираторлық вирустық инфекциялар, гиповитаминоз, өткізген күйзелу, физикалық жүктеме, климаттың күрт өзгеруімен байланысты болуы мүмкін.

Іріңді менингиті науқастар басқаларға қауіп төндірмейді, өйткені аурудың осы сатысында науқас сыртқы ортаға қоздырғыштарды шығармайды.

Менингококк инфекциясы - менингококктан туындаған өткір жұқпалы ауру және бактериальды менингитке жатады: ауру ауа-тамшылары арқылы жұғады (жөтелу, түшкіру, сөйлеу).

Кенеттен басталуы менингококк менингитке тән: бас ауыруы, құсу құбылыс пайда болады, 6-15 сағаттан кейін бөртпе, дене қызуы 39-40 °С дейін жетеді, қалтырау және теріні ағарыңқы. Жалпы әлсіздік, арқаның  және аяқтардың ауырсыну. Науқастар шөлдейді,тәбетінің төмендеуі. Ауру тұмау, тамақ ауруы, ринит, тонзилит және т.б. сияқты «зиянсыз» ауруларды имитациялай отырып, жеңл түрде өту мүмкін, сондықтан өте ауыр түрде болуы мүмкін.

Егер қолайлы жағдайлар туындаса, мысалы, салқын тию, науқастану, шаршау, ағзаның қорғаныш күштері жалпы әлсіресе менингококк тез ми қабығына еніп, қабыну тудырады. Инфекцияның көзі науқас адамдар және «сау тасымалдағыштар» болып табылады, яғни, клиникалық көріністері жоқ адамдар, бірақ олар менингококк тасымалдаушысы болып табылады.

 

Менингитке болған жағдайда қандай әрекеттерді жасау керек? ШҰҒЫЛ ТҮРДЕ ДӘРІГЕРГЕ ҚАРАНЫҢЫЗ!!!

Ауру  біраз уақыт бойы суық тию болып көрінуі мүмкін болғандықтан, дәрігерге уақытында бару қажет. Менингитке күдіктенсе, науқас шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады.

Менингиттің алдын алу үшін:

- Қажеттіліксіз адмдар көп жиналатын жерлерге, нашар желдетілетін бөлмелерде өткізілетін сауда-ойын-сауық кешендеріне, мәдени іс-шараларға баруды шектеу;

- Суық тигізбеу және ауа-райы бойына киіну;

- Қолыңызды жуып отырыңыз. Инфекцияларды жұқтырып алмау үшін мұқият қол жуу өте маңызды. Балаларыңызды әсіресе тамақтанар алдында,  қоғамдық орындарда болғаннан кейін, сонымен қатар жануарларды ұстағаннан кейін қолын жууға ұйретіңіз;

- Өз денсаулығыңызды қадағалаңыз. Өзіңіздің иммундық жүйеңізді қалыпты ұстаңыз, демалыңыз, үнемі спортпен айналысыңыз және дұрыс тамақтаныңыз;

- Науқаспен байланысқа түсетін адамдар профилактикалық мақсатта дәрігерлердің тағайындағанын, медицина қызметкерлерінің қадағалауымен антибиотиктер қабылдау.

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы