Мектептегі тамақтандыру

Жарияланған: 16.10.2017


Балалар – біздің өміріміздегі ең қымбат жаңдар. Біз оларды тәулік бойы қорғап, қамқорлығымызға алуға дайынбыз. Бірақ олар осіп, жеке жауапкершілікпен жаңа өмірге, яғни мектепке қадам басады.Осы кезде ата-аналар не жеді, не ішті бақылай алмайды. Ал осы туралы біз не білуіміз, қажет болғанда не жасауымыз керек? Осы туралы айтамыз.

Адам өмірінің ересек болу кезені- ең манызды шақ. Ол осы кезде қаншалықты дурыс дамығандығына, тамактанғандығына оның алдағы барлық болашақ өмірі байланысты болады. Бугінгі куні ауданымызда  25 мектеп + 1 мектеп-интернат есепке алынған, оның 23 мектеп + 1 мектеп-интернатта ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Барлығы 3770 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген,оның ішінде 408 оқушы турмысы төмен отбасынан. Ыстық тамақтың құны- 225 тенге.

Білім беру мекемелеріндегі қоғамдық тамақтану орындарына, сондай-ақ олардың қызметкерлеріне белгілі бір талаптар бар. Олар атауы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық- эпидемиологиялық талаптар» деп аталатын санитарлық қағыдалармен айкындалады. Дәл осы құжаттан мектептің тамақ беретің орнында ненің болуы тиіс екенін оқып білуге болады. Бүл жерде біз тек маңызды сәттерге ғана тоқталамыз.

Сонымен сіздер жалпы білім беру мекемелерінде міндетті тәртіпте перспективалы екі апталық ас мәзірі жасалуы тиіс. Оны әзірлеу кезінде білім беру мекемесінде оқушылардың болу ұзақтығы, жас шамасының санаты, ұлттық дәстур мен осы өнірде шығарылатын отандық өнімнің ассортименті есепке алынады. Осы ас мәзірі, шығарылатын өнімдердің барлық тізбесі халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствасымен келісіледі.

Балалар мен жасөспірімдер тағамының рационында дәруменді минералды кешенмен байытылған азық түліктер қолданады. Ас мәзірі барынша толыққанды және барлық талаптарға сәйкес келуі үшін қоғамдық тамақтандыруұйымыныңштатында мүмкіндігінеқарай олардың барлығын дұрыс реттей алатын технолог пен диетолог болуы тиіс. Тағам блогының барлық қызметкерлері медициналык тексеруден өтулері және тағам блогында белгіленген санитарлық қағыдалар талаптарын сақталаулары тиіс.

Тағы бір маңызды айта кететің жағдай.Сіздер  балалар мен жасөспірімдерді тәрбилеу және білім беру объектілерінің қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына айран, сүзбе және басқа да қышқыл сүт өнімдерін; туралған ет қосылған құймақтарды; флотша макаронды; зельцтерді, форшмақтарды,сілікпелерді,паштеттерді,крем бар кондитерлік өнімдерді; морстарды, квастарды; фрютирде қуырылған өнімдерді; шала пісірілген жұмыртқаны, қуырылған жұмыртқаны,күрделі (4 компоненттен артық) салаттарды, қаймақ пен майонез қосылған салаттарды; окрошканы; санырауқұлақты; үйде дайындалған өнімдерді; тез дайындалған қүрғақ тағамдық концентраттар негізіндегі бірінші және екінші тағамдарды; газдалған және ішімдіксіз энергетиқалық сусындарды (минералды және ауызсудан басқа); чипсилер, кептірілген нан, гамбургерлер, ходдогтарды; ащы тұздықтар, кетчуптарды, сағыздарды дайындауға және өткізуге жол берілмейтіндігін білуге тиіссіздер.

Бүл ретте азық-түліктің сапасы мен қаүіпсіздігін куәландыратын құжаттар қоғамдық тамақтандыру ұймында сақталады. Сіз қаласаныз, ол құжаттарды балаларды тиісті сападағы азық-түлікпен тамақтандырып жатқандығына сенімді болу үшін талап ете аласыз.

Сондай-ақ барлык жалпы білім беру мекемелерінде жоғарыда санамаланған тағамдық өнімдерді өткізетін автоматтарды қоюға жол берілмейді.

Қандай бір бұзушылықты тапқан жағдайда, Сіз мектеп әкімшілігіне, әкімдікке жүгінп, сондай-ақ  Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына   өтініш жаза аласыз.

Баянауыл аудандық  ҚДСБ  басшысы                          Т.Н. Ишанова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы