Мектепке дейінгі мекемелерде бөсірдің (энтеробиоз) алдын-алу (ата-аналарға арналған жадынама)

Жарияланған: 08.11.2017


   Бөсір - жеке гигиена ережелері бұзылған жағдайда науқас адамнан дені сау адамға жұғатын ішек құрт ауруы.

   Бұл ауруда кішкентай (ұзындығы 0,5-1 см, ақ түсті ) дөңгелек  бөсір-құрт пайда болады.

   Аурудың негізгі белгісі бөкселердің қышынуы, ұйқысыздық, іштің ауырсынуы, жүрек айнуы, бас ауыруы,  тәбеттің болмауы, күйгелектік болып табылады.Әсіресе қатты қышу кешке және түнде пайда болады. Жұмыртқа салу үшін шыққан бөсір-құрттар қышынудың себеті болады.  Әрбір ұрғашысы 5 мыңнан 15 мыңға дейін жұмыртқа салады.

   Жұмыртқада 4-5 сағаттан кейін, құртқа айналады  және олар адамдарға жұқпалы. Қышыған жерді қасығанда бөсір-құрттар төсек орынға, науқастың киіміне, тырнақтың астына қоршаған заттарға жұмыртқалары түседі, ауызға түседі, ауызға шаңмен де түсу мүмкін.

   Денеде  бөсір-құрттардың өмірі - 1 ай. Дегенмен, үнемі өз-өзіне жұқтыру салдарынан,  жеке гигиена ережелерін бұзу (саусақтарын сору , тырнақтарын кеміру әдеттері), бөсір-құрттар науқастың ағзасында бір неше ай, тіпті жылдар өмір сүреді.

   Ауруды қалай болдырмауға болады? Тек жеке гигиенаны сақтау.

   Бұл ережелер қандай?

- дәретханадан, аулада ойнағаннан кейін қолды жуу, тырнақтарды қысқарту, қолды және киімді таза ұстау;

- таңертең және кешке сабынмен жылы сумен жуыңыз. Әсіресе жамбас, бөкселер, қолдар, аяқтар арасын мұқият жуыңыз;

- Төсекті жұма сайын ауыстыру  немесе үтіктеу;
- түнгіге резеңкесі  тығыз шалбар кию, ал перианальды аймаққа вазелин балала кремі немесе өсімдік майы бар мақта тампонын қою, таңертең тампонды алып, тампонға қайнаған су құю;

- барлық бөлмелер мен жиһаздарды сабын ерітіндісімен мұқият ылғалды тазалауды жүргізу;

-  Дәретханаларды ыстық сумен,  дұрысырағы қайнап тұрған сумен өңдеу.

Есіңізде болсын, бөсір-құрттар кем дегенде бір-екі айға дейін адам ағзасында өмір сүреді және осы кезеңде жеке гигиена ережелерін ұстанатын болсаңыз, баланың өзін-өзі емделеді.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы