Медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдардың көрсеткен қызметтері үшін 599,3 млрд.теңге төледі

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылы әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жинақты жинап қана қоймай, сондай-ақ тегін медициналық көмектің кепілдік берілгенкөлемінің қаржыландыру операторы болып табылады. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Қор үкіметпен белгіленген шегінде халыққа медициналық қызметтерді сатып алуда.

Ағымдағы жылы Қор  Қазақстанның медициналық ұйымдарына халыққа көрсетілетін қызметтері үшін 599,3 млрд. теңге төледі. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемініңшеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша жасалған келісімшарттардың сомасынан 76% -ын құрайды. Халыққа қызмет көрсету бойынша келісімшарттардың жалпы сомасы 785,8 млрд. теңгені құрайтындығын ескереміз.

Павлодар облысында халыққа медициналық қызмет көрсету бойынша  келісімшарттардың жалпы сомасы 35,0 млрд. теңгені құрайды. Ағымдағы жылы медициналық ұйымдарына көрсетілетін қызметтері үшін 26,0 млрд. теңге (76,4%) төленді. «Жұмыс кестеге сай кешіктірусіз жүріп жатыр. Бөлінген қаражаттар медициналық ұйымдардың операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Қордың Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситқазинов.

Павлодар облысындағы Қор жеткізушілерінің тізіміне 66медициналық ұйым кіреді, оның 30-ы жекеменшік. 2017 жылмен салыстырғанда, жеке меншік жеткізушілер саны 1,8 есе өсті. Биылғы жылы жекеменшік медициналық ұйымдармен жасалған келісімшарттардың сомасы шамамен 3 млрд. теңгені (8,5%) құрайды, бұл 2017 жылғы ұқсас көрсеткішке қарағанда 2 есе өскен.

«Қор медициналық ұйымдардың барлық шарттық міндеттемелерін толығымен орындайды. Алынған қаражатты одан әрі жұмсаудың басымдықтары - жалақы төлеу, медициналық мекемелерді ұстауға арналған шығындар, салық төлеу, коммуналдық қызметтер және т.б. -  бұл медициналық ұйымның өзіндік ерекшелігі және оның басшыларының сапалы менеджменті», - деді Айдар Ситқазинов.

Естеріңізге сала кетейік,  Қордың медициналық қызметтерді сатып алу туралы келісімшарт жасаған аймақтағы медициналық ұйымдардың тізімі www.fms.kz сайтында орналастырылған.

 

 

            «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалы

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы