Маса, шыбын-шіркей- олармен күресу жолдары

Жарияланған: 24.04.2017


Жаздың келгенде балалар да, ересектер де қуанады. Ауа-райы жылынып, күн ұзарады, демек далада қыстың күніне қарағанда ұзағырақ жүруге болады. Кешкі уақыт келіп, күн бата бастағанда, нағыз сұмдық басталады. Біздің үстімізге маса, шыбын-шіркей отыра бастап, қанымызды соруға ұмтылады. Оларды көбінесе өзен, көл немесе басқа да ылғалдылығы жоғары жерлерде кездестіруге болады. Бақытымызға орай, қазіргі күні жәндіктерді үркіту үшін әр түрлі құралдар өндірілуде. Олар әр түрлі иісмайлар, гельдер, майлар, спреилер, ыстаушылар. Бұлардың көмегі баға жетпес. Дегенмен, бізді шағатын нелер? Шағатын тек қана маса емес екен. Адамның қанын ішетін ұсақ жәндіктерді  жалпы шыбын-шіркей дейді. Ол маса да, шіркей де, соналар да болу мүмкін. Олар тек қана адамның қанын ғана емес, сондай-ақ  жануарлардың қанын да сорады. Олардың белсенділік көрсететін кезеңі жаздың бірінші жартысы. Шыбын-шыркей- бұл масаның мың түрінің жиынтығы. Аймағына байланысты шыбын-шіркейлердің әр түрлі құрамы болады. Олар қанды қараңғы кезде сорады. Ұрғашыларына қан жұмыртқалауына қажет, бұл екі-үш күн сайын қайталанады. Әр бір жұмыртқалағанда 30-дан 200 жұмырқаға  дейін салады. Ұрғашысы жануарлардың немесе адамдардың топтасып тұрғанын екі- үш километрден сезеді. Масаның ұрғашысы шағатын адамның  немесе жануардың денесіне қанды ұйытпау шін сілекейін жібереді, кейіннен қышып, іседі, аллергия болады.

         Мокрецалар- екі қанатты қансорғыш жәндіктердің ең ұсағы. Шіркейден айырмашылығы денесі мен қанаттарының ұзындығы. Кей бір кездері олардың көмемі бір миллиметрден де аспайды. Мокрецалар ылғалдылығы жоғары жерлерде көп болады. Олар ағынсыз суда, шалшықтанған жерлерде болады. Кей кезде адамға бірден 10 мың мокрецалар шабуыл жасайды. Олардың шаққаны күйдіреді. Олар белсенділігі таңертең, кешке және күн бұлтты күндері болады. Олар ыстық күнді ұнатпайды,  оларға оңтайлы температура 18 0С. ну орманда олар күндіз де шабуыл жасайды. Өздерінің денелерінің ұсақтығынан киімнің ішіне де кіріп кетеді. Күндіз мокрецалар шоптерде, түптерде, ағаштардың ұшар басында болады. Адамның тұратын жеріне өте сирек ұшып кіреді. Егер де сіз масаға ұқсайтын, бірақ көлемі ұсақ жәндікті көрсеңіз- ол шіркей. Шіркей өте қанқұмар жәндік. Шіркей киімге де кіреді, күндіз, кешке де, құлтты күндері де шағады. Бұл жәндік те шаққан кезде сілекейін жібереді, кейіннен қатты ашып іседі. Шіркей көбінесе қатты ағынды өзендердің жанында болады.

         Соналар екі қанатты жәндіктердің ең ірісі. Олардың орташа көлемі- екі-үш сантиметр, кей кездері аты сантиметрлік түрлерін де кездестіруге болады. Қанды тек ұрғашылары сорады, олар қан соруға бұлтсыз, ыстық күндері шығады. Бұл жәндіктердің шаққаны өте ауырдады, себебі, олар теріге улы сілекейін жібереді. Бір шаққанда сонаның ұрғашысы  70 маса немесе 4000 мокреца сорған қанды сорады. Бұл жәндіктер қан сорған уақытта өздеріне төніп тұрған қауіпті мүлдем байқамайды. Енді сіздер шыбын-шіркейдің  екі қанатты жәндіктеріне- маса, шіркей, сона, мокрецалар жататынын нақты білесіздер

 

Шыбын-шіркейге қарсы іс-шаралар жұмыстарының басты бағыттары

  1. Қоғамдық іс-шаралар өткізу
  2. Құрттарын жоюға іс-шаралар жүргізу.
  3. Жануарларды шыбын-шіркейден қорғауға бағытталған арнайы іс-шаралар өткізу.

Жалпышаруашылық іс-шараларды өткізгенде келесідей жағдайларды есеру қажет:

Мал шаруашылық фермалар, жазғы лагерьлер, қашаларды шалшықты, батпақ, ойпат немесе қансорғыш жәндіктердің жұмыртқалайтын жерлерінен 1-1,5 км алшақта болу керек.

         Малдарды жәндіктердің белсенділігі төмен уақытта жаю керек. Соналар көп болған жағдайда кешке және түнде жаю қажет. Маса мен мокреца көп болса күндіз, шіркей көп болған жағдайда түнде баққан дұрыс.

         Шыбын-шіркейдің көп болған кезеңінде малдар үй-жайда болу. Жайылым жерінде көлеңкелі жаппа жасайды. Үй-жайдың іші-сыртын жәндікжойғымен өңдеу қажет. Ашық қашаларды от жағып, түтіндетеді

 Жәндіктердің көп болатын орындарын жою үшін жер өңдеу жұмыстарын жүргізеді,  гидротехникалық құрылыстар (бөгеттер, тоғандар, су қоймалары) жасайды.

Елді мекендерде, мал шаруашылық фермаларында санитарлық абаттандыру жүргізеді.

Жәндіктердің көп жерлерін жерде және авиациялық түрде жәндікжойғымен өңдеу қажет. Балық шаруашылығы бар су қоймаларын  жәндікжойғымен өңдеуге тыйым салынады.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы