Маса несімен қауіпті - дәрігерлер кеңесі

Жылыну кезінде безгектің пайда болу қаупі бар, бұл масалардың қауіптілігі. Безгек - ауру адамнан, масаның шағуы арқылы сау адамға жұғатын  ауыр паразиттік ауру. Безгек ауруының ағыны ауыр өтеді: безгек ұстау, қатты қалтырау, бас ауыру, көкбауырдың және бауырдың ұлғаюы, анемия.

         Егер уақтылы емделмесе, ағза әлсірейді, жұмыс істеу қабілетін жоғалтады, өлімге әкелетін нәтиже болуы да мүмкін. Ағзасында малерия қоздырғыштары бар белгілі бір маса түрі жаққан кезде жұқтырылады.Бұдан басқа, оны қан арқылы жұқтыруға  болады (донорлық қан құю, қанды шприц инесімен инекциялау ағзаларды трансплантациялау, есірткіге тәуелділердің ортақ шприцті пайдалануы).

        Көбінесе безгектің тасымалдаушысы маса болып табылады немесе дәлірек маса түрлерінің бірі - анофелестер. Бұл жәндіктердің тіпті бір шағуы осы қауіпті ауруды жұқтыруға алып келуі мүмкін. Халық арасында  ұзын сирақты масаларды қателесіп «малерия масалары» деп атайды.Бұл ірі (орташа ұзындығы 20-30 мм, ал кейбіреулері 60 мм дейін) жәндіктер өсімдік шырындарымен қоректенеді және адамдар үшін мүлдем зиянсыз.

        Нағыз маляриялық масалары көлемі бойынша әдеттегі масалар сияқты.

         Бірақ олардың басқа ерекшеліктері бар, олар бойынша сіз оларды айыра аласыз.

  • Кез-келген бетінде отыратын анофелес денесі оған бұрыштап орналасады (артқы аяқтар алдыңғдан ұзағырақ болғандықтан), ал әдеттегі масалардың сол бетте денесі параллель орналасқан.
  • Малярия масаларының қанаттарында қара дақтарды бар, ондай әдеттегі масаларды болмайды.
  • Теріге отырмас бұрын, малярия масалары ауада «билеп» тұрғандай көрінеді.

       Алматы қаласында 2012-2015 жылдары шет елдерден әкелген безгекке қатысты 5 жағдай тіркелген.Барлық науқастар  ауруды осы ауру бойына қолайсыз жағдайы бар елдерде жұқтырған.

        Пациенттердің үшеуі - Қазақстан азаматтары, 2 - шетелдіктер. Қазақстан азаматтары маляриямен Пәкістан мен Ауғанстанда жұқтырған. 2016 жылдың басынан бастап қаладамалярия жағдайлары тіркелмеген. Дегенмен, эндемикалық елдерге баратын адамдарға безгектің таралуын болдырмау мақсатында дәрігерлер өздерін, әсіресе, балалардын маса шағуынан қорғануды ұсынады.

        Егер сіз қауіпті аймаққа баратын болсаңыз, келесіні ескеріңіз:

Бірақ ең алдымен, безгек ауруы бойыншақолайсыз елдерге барар алдында, тұрғылықты жердің медициналық мекеменің инфекционистдәрігермен

химиопрофилактика қажеттілігі - антималярлық дәрі-дәрмектерді алу туралы кеңесу керек,безгекке қарсы дәрі-дәрмекті қажетті схемасы және дозасы бойынша  жергілікті дәріхана желісінен сатып алуға болады.

        Бұдан басқа, шетелдік сапарларға барарда, туроператордан қабылдаушы елдегі безгек  және   басқа да аурулардың ықтимал инфекциялар туралы тәуекелдіктер туралы ақпарат талап етіледі.

        Және бұдан әрі:

  • Жаңбырлы маусымда жұқтыру ықтималдығы артады. Бұл уақытта сапарды жоспарламаған дұрыс.
  • Тәуекел түнде 20-дан 4 сағатқа дейін артады. Осы уақытта далада күн күндізгідей ыстық болмайды.
  • Сіз ұйықтаған бөлмедегі терезелер тормен жабдықталуы тиіс.
  • Жәндіктердің шағуын болдырмау үшін, теріні арнайы репеллентами құралдармен өңдеңіз.
  • Сапар алдында бір-екі апта бұрын қолданатын дәрі-дәрмектер бар.

      Бір жағынан, бұл безгекке қарсы сенімді құрал. Екінші жағынан, бұл ағза үшін ең улы жол. Бауыр әлсіреген жағдайда, дәл осылай жасалмауы керек. Безгекке қарсы вакциналар, өкінішке орай, әлі жоқ.

      Сондай-ақ, жәндіктер үнсіз ұшуы мүмкін  және олардың шаққаны ауыртпау мүмкін.

Егер сіз шаққанын байқамасаңыз да, бірақөзіңізде тұмауға ұқсайтын белгілерді байқасаңыз, оссы себепті дәрігерге көріну керек.

       Бұл жоғары температура, қалтырау, безгек, бас ауыруы, бұлшықеттер мен буындардағы ауырсыну.

       Кейде инфекцияның мынадай түрлері болады, мысалы, терінің қабынуы, жүрек айнуы мен құсу, шаршау, диарея. Олар шақаннан кейін бірнеше күнде (әдетте 6-14 күнде) пайда болуы мүмкін немесе бірнеше аптадан кейін (кейде жасырын кезең 30 күнге дейін созылады). Жиі бұл белгілер үйге оралғаннан кейін анықталады.

       Дәрігерге  барғанда, қате диагноз қоймас үшін және қажетті сынақтарға жіберу үшін жоғары қауіпті аймақта болғаныңызды ескертіңіз.

      Ең бастысы –оны кейінірекке қалдырмаңыз. Безгек - қауіпті ауру, ол өлімге әкелуі мүмкін. Бірақ уақтылы  анықталса  және  емдеу дұрыс тағайындалса емдеуге болады.

 

Баянауыл аудандық ҚДСБ эпидемиологиялық бөлімі

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы