Лептоспироз бойынша тұрғындарға жадынама

Лептоспироз сақтаныңыз!

 

Лептоспироз  - инфекциясын адам көбінесе жануарлардың жұқтырған зәрімен ластанған су қоймасында шомылу кезінде жұқтырады.

Лептоспироз - бұл зооноз тобына жататын өткір жұқпалы ауру, адамның инфекциясының көзі жануарлар болып табылатын аурулар. Ауру  жаз-күзгі маусымдық болып сипатталады.

           Лептоспирозды жұқтыру қалай болады?

Табиғаттағы ауру тудыратын лептоспира сақтаушылары кішкентай кеміргіштер мен жәндікқоректілер болып табылады: сұр тышқандар, дала тышқаны, сұр егеуқұйрықтар, кірпілер. Ауыл шаруашылық малдары - ірі қара мал, шошқа, сондай-ақ «үй» кеміргіштері - егеуқұйрықтар инфекцияның резерваты болып табылады. Ауру жануарлар аурудың сыртқы белгілерін көрсетпейді, ұзақ уақыт бойы лептоспира сыртқы ортаға зәрмен бөлінеді.

- жануарлардың жұқтырған зәрімен ластанған су қоймасында  шомылу және суды жұтып қою;

- ластанған тағамдарды пайдалану;

- тұрмыс заттарын пйдаланғанда, мысалы, ыдыстарды, ашық су қоймаларында жуу;

- патогенді (лептоспирді) шырышты қабаттардан және тері арқылы енеді, әсіресе жара, сызаттар (байланыс жолдары) болған кезде.

Аурудың сипаттамалық белгілері

 Лептоспироз жиі зардап ауыратындар:

- жануарларды күтетін мал шаруашылығы қызметкерлері;

-ауыл шаруашылық жануарларының суару орындарында және сұр егеуқұйрықтар мекендейтін жерлерде шомылу;

- балықшылар;

- көкөністерді, жемістерді, ашық су қоймаларында жуатын  саяжай тұрғындары.

            Аурудың алғашқы белгілері жұқтырғыннан кейін 7-14 күн өткенде пайда болады.Кейде бұл кезең 2 күнге қысқарылады немесе 30 күнге  дейін ұзарады. Ауру өткір басталады, қалтырау, дене қызуы  39-40 ° C дейін көтеріледі. Жиі науқастар күніне ғана емес, аурудың пайда болу уақытына да дұрыс айтпайды. Бас ауруы мен бұлшықет ауыруы, әсіресе балтыр бұлшықетерінің ауруымен сипатталады. Бет ісіңкі, көз ағының қанталауы.

            Аурудың дамыту барысында бауыр, бүйрек, жүйке және қан тамырлары жүйесінің зақымдану белгілері анықталады.

Жедел лептоспирозда түрлі органдардың бұзылыстарының басым болуы сары ауру немесе өткір бүйрек жеткіліксіздігі немесе қан кетуімен болатын әртүрлі көрінуі болу мүмкін.

Лептоспирозға шалдыққан науқастар жұқпалы аурулар стационарына міндетті түрде жатқызылуы тиіс.

 

 Өзіңді жұқтырудан қалай қорғауға болады?

 

  • су қоймаларында шомылмаңыз;
  • ішуге және көкөністер мен жемістерді жууға қайнатылған суды пайдаланыңыз;
  • «табиғатқа» шығу кезінде тағамдарды жабық контейнерде сақтаңыз;
  • балық аулау және жұмыс істеу кезінде су өткізбейтін аяқ киімдерді пайдалану.

 

 ӨЗІҢІЗДІ САҚТАҢЫЗ ЖӘНЕ ДЕНІҢІЗ САУ БОЛСЫН!

 

Баянауыл аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы