Күл ауруы кең таралған, ауыр сырқат болып табылады.

Күл ауруы облыста соңғы рет 2001 жылы тіркелген. Бірақ көптеген елдерде күл ауруы тіркелуде. Сау бактерия тасымалдаушылардың саны азаймай отыр. Жыл сайын әлемде күл ауруынан шамамен 5 мың адам өлімге ұшырайды.

Жұқпа науқас адам жөтелгенде, түшкіргенде немесе сөйлескен кезде ауаға түскен бактериялар арқылы таралады. Аңқа, мұрын, үстіңгі тыныс алу жолдарының сілемейлі қабығына түскен дифтериялық таяқша көбейеді де ерекше у – дифтериялық уытты бөледі. У жүрек, тамыр, орталық жүйке жүйесін зақымдайды.

Күл ауруына шалдыққандар да, сондай-ақ «дені сау» тасымалдаушылар да тұрғындар арасында дифтерия таяқшасын тасымалдайды. Сондықтан ауруға шалдыққандар науқастармен қарым қатынаста болғаны туралы естеріне түсіре алмайды, себебі «дені сау» тасымалдаушылар денсаулығына шағымданбайды.

Күл ауруы жүрек бұлшық етінің, тыныс алу бұлшық еті мен диафрагманың, жұмсақ таңдай, бет жүйкесі, мойын, дене және аяқ қол бұлшық еттерінің сал болуына әкеп соғатын асқынуларды тудырады.

Балалар мен ересектерді күл ауруынан сақтау үшін оларды вакциналау қажет. Вакциналау бала кезінен басталып, 60 жасқа дейін жалғасады. Алғашқы екпелер 2,3,4 және 18 ай жасында басталады. Одан әрі екпе 6, 16 жасында және әрбір 10 жылдан кейін егіледі.

Көп жылғы тәжірибе егілудің еселігі мен екпелер арасындағы аралықтың сақталу қажеттілігін растайды. Аталған шарттар сақталған жағдайда адам ағзасы күл ауруына шалдықпайды және тұрақты иммунитет қалыптасады.

Дұрыс егілген адамдар күл ауруымен ауырмайды. Егілген адамдардың иммунитеті төмендеп, немесе кезекті егілуді өткізіп алуымен байланысты жұқпаның жұқтырылу мүмкіндігі бірлі-жарым. Бірақ ауырса да ауру асқынусыз өтеді, өлім-жітімге ұшыратпайды.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы