Көкжөтел — балалар арасында кеңінен таралатын жұқпалы ауру.

Науқас адам сөйлегенде, жөтелгенде, түшкірген кезде көкжөтел қоздырғышы ауа арқылы таралады. Көкжөтелді жаңа туған сәбилер алғашқы өмір кезеңінде ауыр көтереді.

Алдымен балада әдеттегі салқын тиу белгілері: мұрын біту, қызуы көтерілу, жөтел пайда болады. Біртіндеп жөтел күшейіп, ұстамалы, көп қайталанатын жөтелге айналады.

Көп қайталанып, қажытатын жөтел ұстамасы бас миының қан айналымының бұзылуы мен оттегінің жетіспеушілігінен жүйке жүйесінің бұзылуы және әртүрлі деңгейдегі ақыл естің кемуіне әкелуі мүмкін.

Көкжөтел өкпе қабынуы (пневмония) мен бас миының зақымдануы сияқты асқынуларымен қауіпті.

Көкжөтелден қорғанудың ең бір сенімді және тиімді тәсілі — екпе алу, ол 2,3,4 айда, 1,5 жаста (18 айда) және 6 жаста дифтерия мен сіреспе ауруына қарсы бір уақытта салынатын кешенді вакцина.

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында реактогенділігі төмен жасушасыз көкжөтел вакцинасы қолданылады.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы