Үй іргесіндегі телімдерде маса дернәсілдерімен күресу әдістері

Құрметті саяжай мен бақша иелері!!!

Масалардан шаршадыңыздар ма? Жер телімдеріңіз бен бақшаларыңызда масалардың болғанын қаламайсыздар ма?

Сіздер су құйып қойған ыдыстарыңыздағы «итшабақтар» - масалардың дернәсілдері екенін білгеніңіз жөн.

Өз жер теліміңіздегі масалармен және олардың дернәсілдерімен күресудің

4 әдісінің бірін таңдап алыңыз!

1. Жер телімізде су құйылған ыдыстар болса, оларды қақпақпен жабыңыз.

2. Суға арналға ыдысты таза ұстаңыз.

3. Ішіндегі суды 4 күнде бір рет ауыстырыңыз.

Маса дернәсілдері пайда болған жағдайда мұнай өнімінің  (мазут, машина майы) бірнеше тамшысын тамызса болғаны, су бетінде жұқа қабықша пайда болады да, маса дернәсілі «тұншығып қалады».

Баянауыл аудандық ҚДСБ эпидемиологиялық бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы