ГМА – жеуге болады ма? Жоқ па?

Жарияланған: 18.04.2017


ГМА? Яғни гендік модификацияланған ағзалар мен олардың негізінде жасалған азық-түлік туралы барлығы естіген шығар. Қакзақстанда ГМА өнімдері шығарылғанымен, әрқайсымыз ГМА туралы газеттен оқып, теледидардан көрдік: мысалы тісі бар қызанақтар, колорадо қоңызы істетпес ГМА-картоп, т.б. Шынымен де, ГМА дегеніміз не,оны қалай айқындай аламыз, қай жерде көбірек кездеседі дәне несімен қауіпті?

Алғаш рет ГМА коммерциялық азық-түлік ретінде әлемдік  нарықта 10 жыл бұрын пайда болды. ГМА- өнімдері 1994 жылдан бастап шығарыла басталды, сол кезде АҚШ-та трансгендік қызанақтарды сатуға рұқсат берілген болатын.

         ГМА өнімділікті арттыру, өнімдерге жаңа қасиеттер, жоғары декоративті  және азықтық құндылық беру үшін игі мақсатта жасалды.  Шынымен де, трансгенді  (ГМА-ны  осылай да атайды) өсімдіктер  гербицидтерге тұрақты болады. Одан  басқа, күнделікті азық-түлік  трансгендік технологиялардың арқасында жаңа қасиеттерге ие болады. Мысалы, кофейнсіз кофе, қанты аз құлпынай, құрамында темірі көп күріш жасалды.

Генетикалық модификацияланған өсімдіктер 18 мемлекетте өсіріледі.  ГМ- технологиялардың  көшбасшылар: АҚШ, Канада,Аргентина, Бразилия № Қытай және Австралия, ал Еуропада  Германия, Испания, Болгария және Румыния болып табылады.  Генетикалық модификацияланған  ағзалар картопта, қытайбұршақта, жүгеріде, рапста,қызанақта,кәдіде және  күріште өте көп болады. Біз тұтынушылар , ГМ- өнімдерді тек таза түрінде  ғана емес, өнделген түрінде , мысалы, попкорн,соус,чипсы,тұшпара,ұн, май түрінде тұтынамыз.

ГМ – ингредиенттерді пайдалану бойынша трасұлттық компаниялар көш бастап тұр. Қазақстандық азық-түліктердің құрамында ГМА аз көлемде кездеседі. Бұл оғаш болғанымен, ГМА-дан біздің артта қалған технологиямыз құтқаруда. Біздің аграршыларымыз трансгенді  өсімдіктерді өсірмейді, кәсіпорындарда оларды өңдейтін арнайы құрал-жабдық жоқ. Бірақ, көптеген отандық өндірушілер импорттық шикізаттрады пайдаланады.

ГМА зиянды ма, жоқ па, бұл жөнінде  қандайда бір қорытынды жасау үшін 40-50 жыл керек. Әлбетте , бұл сұрақтын  нақты жауабы әлі жоқ.  Трансгендік өсімдіктердің адам ағзасы үшін  қауіпсіз екенін  растайтын зертеулер бар, яғни трансгендік азық-түлікті пайдаланудан кейін адамда ешбір патология байқалмаған. Алайда,ГМ-өнімдерді өндіретін мемлекеттерде адамдар көбірек аурады деген статистика да бар.  Адамдарда зат алмасу бұзылып, артық салмақ пайда болады.

Гендік –модификацияланған ағзалардын  бір пайдасы- экономикалық тиімділігі,яғни өсімдіктерге ауру мен зиянкестердің ықпалын азайту  мен оларды өсіру технологияларын женілдету нәтижесінде өнім тұрақтандырылады. Әлеуметтік  тиімділігің  де маңызы зор: гендік модификацияланған  өсімдіктердің өзіндік құны төмен,тиісінше өнімнің түпкілікті бағасы да арзан болады.

Бірақ, кейбір  срапшылар ГМА-ға жасалған зерттеулердің жеке оң нәтижелеріне сенбестікпен қарайды, өйткені бұл  зертеулерді  ГМА-ны нарыққа шығаруға мүдделі компаниялар қаржыландырған  деп есептейді. Сол себепті,көптеген еуропалық елдерде, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін жетекші экспорттаушыларда гендік модификацияланған нысандарды өсіру заңнамалық  деңгейде қатал регламенттелген. Бұл елдер негізінен ГМА-ның тірі ағзалар  мен қоршаған ортаға әсерін зерттеумен ғана шектеледі. 

Ұлыбританияда анағұрлым қатаң бақылау жүргізіледі, ал Швецарияда 5 жылға дейін ГМА сатуға  мүлдем тиым  салынған.

           Қазақстанда құрамында трансгендік негіздері бар өнімдерді міндет түрде маркерлеу енгізілген. Бізде реттеу бойынша техникалық  регламент жүзеге асырыулуда, онда егер өнімдегі  ГМ – ингридиенттер 0,9% дан асыа кетсе, онда ол туралы қаптамада міндетті түрде жазылуы керек. Ал егер зерттелген өнімде оның құрамы аз немесе 0,9 %-ға тең болса, онда оны маркерлемейді және оны қауіпсіз деп санайды.

         ГМА –дан  қорықпау керек.  Бірақ, тұтынушыоның бар екенін білуі тиіс. Сол себепті де, құрметті сатып алушылар, азық-түліктің  құрамында  ГМА-ның  барын білгініз келсе,ең алдымен таңбалауына назар аударыныз. Жапсырылған заттаңбаны оқыныз! Егер өнімнің  құрамында  гендік модификацияланған ингридиенттер болса,онда қаптамада бұл туралы ақпарат міндетті турде болады.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы