Введите ваш запрос для начала поиска.

ЦИФРЛЫҚ ЗАМАНДАҒЫ ТҰТЫНУШЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Жарияланған: 06.03.2017


Интернет арқылы тауарларды үлестіру халық арасында кеңінен таралған және бұл тауардың төмен бағалы болуымен, мекен-жайына жеткізілетінімен ынғайлы

Баянауыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы, азаматтардың есіне салады, «интернет арқылы» тауарларды сату

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 Қаулысымен бекітілген Ішкі сауда ережелерінің 105-107 тармақтарымен,

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының2007 жылғы 10 қыркүйектегі № 786 Қаулысыэлектрондық сауданы жүзеге асыру ережесі Заңнамаларымен регламенттеледі.

Тапсырыстар бойынша жасалатын сауданы сауда қызметінің субъектiлерi сатып алушының көшпелi сауда орындарында, тiкелей, телефон немесе почта тапсырысы арқылы тапсырыстар беруi және (немесе) қабылдауы арқылы жүзеге асырады .

Тапсырысты қабылдау және орындау жөнiндегi қызметтердiң бағасы, ақы төлеу тәртiбi, жеткiзу мерзiмi шартпен айқындалады.

Тұтынушы белгілі мерзімде келмеген немесе бүлінген тауарды қайтаруға құқылы.

Бұл жағдайда, бір өзгешілік бар қайтару шығындарын тұтынушы төлейді. Демек, тапсырыс беру және тауарды алу кезінде мұқият болған дұрыс.

Менеджерден телефонмен байланысу кезінде сіз тауардың кепілі және қайтарып беру мүмкіндіктері туралы ақпарат ала аласыз. Сіз тауардың қаптамасын ашпай тұрып одан бас тартуыңызға болады. Немесе, сайтта тапсырыс бергенде жеткізу және қайтарып беру ақпаратын толығымен қарастырыңыз. Қайтып беру қалай және кімнің есебінде жүргізілетінін анықтау. Өкінішке орай, тауарды үйге әкелген курьер, төлем ақысын төлемей сізге киімді киіп көруге немесе техниканы қыстыруға рұқсат бермейді. Пошталық бөлімшеде толық төлем төлегенше тауарды қолыңызға да ұстатпайды.

Алайда, интернет- дүкендердің көбісі өз клиенттеріне бүлінген тауарды ауыстырып беруге кепілдік береді. Курьер кеткеннен кейін немесе пошта бөлімшесінен тауарды алғаннан кейін сіз тауардың кемшілігін тапсаңыз, абыржымаңыз- қайтадан интернет-дүкенге хабарласыңыз, сіздің өтінішіңіз бойынша ауыстырып беріледі.

Баянауыл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында 22 ақпаннан- 15 наурызға дейін интернет-саудасына байланысты «ыстық желісі» жұмыс жасайды. Аудан тұрғындары 9-15-64 телефоны арқылы кеңес ала алады.

Басқарманың «ыстық желісінің» жұмыс жасау уақыттары:

Дүйсенбі-жұма : 09.00-18.30

Үзіліс: 13.00-14.00

«Ыстық желісі» Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күніне ұштастырылған, биылғы жылы ол 15 наурыз күні аталып өтіледі.

Мезгілі мен ұранын -«цифрлық заманындағы тұтынушылар құқықтары»- деп Халықаралық тұтынушылар ұйымының одағы Consumers International (CI) анықтады

Баянауыл аудандық

ТҚҚБ басшысының м.а. Ш.Ж. Адешова

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы