Чек не үшін қажет?

Жарияланған: 15.09.2016


Дүкен сөрелерінде және виртуалдық ресурс сайттарында тауардың көптігі есті шығарады. Біз тауарды көп мөлшерде сатып алғанда тауардың сапасына, қалай жұмыс істейтініне көңіл бөлмейміз. Осылайша сауда жасағанда, біз алақол сатушының құрығына түсеміз. Әр бір адам үйіне келіп сатып алған азық-түліктерінің сақтау мерзімі аяқталғанын  немесе бүлінгенін көріп жайсыз жағдайға тап болады.

         Сіз қымбат тұрмыстық техниканы сатып алып, ал ол бірнеше күннен кейін істен шыққаны өте өкінішті. Жөндеуден шыққан автокөлік бір жұмадан соң дәл осы себеппен қайта сынады, ал сапасыз ауыстырылған терезелер тек қаражат шығынын әкеледі. Осындай жағдайлар көп.  Дүкендер өздерін ақтауға қандай дәлел келтіретінін түсіну қиын емес:

- сіз "дұрыс емес" сатып алушысыз;

- дүкен жауапты емес;

- "өзіңіз сындырдыңыз"  енді дүкеннен пайда түсіргіңіз келіп отыр;

- чек жоқ па, кепілдік те жоқ;

- "көп күн" өтті тауарды қайтып алмаймыз және тағы басқа.

         Осы жағдайдың барлығында тұтынушының құқықтары өрескел бұзылғанын есте сақтау керек. Ең алымен, ауданның тұтынушылардың құқықтарын қорғау Басқармасына бару керек,  мұнда сізге іс-әрекеттің реті туралы айтып және дүкен мекен-жайына арызды толтыруға көмектеседі.

         Бірнеше қарапайым ережені есте сақтаңыз:

- заңнама осындай жағдайда тұтынушы жағында;

- тауарды сатып алу туралы және қызмет көрсеткеніне чек талап етіңіз (тауардың жарамдық мерзімі аяқталғанша сақтаңыз);

- әр түрлі акциялар, бағасын кеміту және арнайы ұсыныстардың "қос түбі" болатынын есте сақтау керек, көбінесе осылайша  жарамсыз тауарды сатады;

- "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңын оқып шығыңыз. Бұнда беттері көп емес, есесіне өмірге қажетті ақпарат;

- егер де осындай жағдайға тап болсаңыз, сауда мекемесімен тек қана жазбаша түрде (арыз, шағым, сараптама) сөйлесіңіз. Келешекте егер де іс қарастырылса, дұрыстығыңызды дәлелдеу оңай болады.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы