ҰБТ, мектеп бітірушілер кешінөткізу кезінде тамақтан улануың және жіті ішек инфекцияларының алдын-алу

ҰБТ өткізу кезінде  су ішу тәртібі сақталу қажет. Объектілерде қамтамасыз етілу керек:

- ыдыстарға құйылған бөтелкедегі минералды немесе ауыз су

- бір рет пайдаланатын стақандар

- бөтелкеленген минералды, ауыз судың сапасы мен қауіпсіздігі туралы құжаттар.        

 Бөлмеде нормаларға сәйкес болуы керек (1 балаға 2,5 шаршы метр). Бөлменің санитарлық-гигиеналық жағдайы: пайдалану бойынша нұсқаулықтарға сәйкес Қазақстан Республикасында пайдалануға арналған сабынды жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып бөлмелерді тазалау жүзеге асырылуға тиіс.

 Кеміргіштер мен жәндіктер болмауы керек, ол үшін мектепте алдын ала дезинсекциялық жұмыстары жүргізіледі.

Оқу жиһаз балалардың бойы және жас ерекшелігіне сәйкес болуы керек.

Жарықтандыру табиғи, жасанды, терезелерде жалюздер.

Қолайлы микроклимат жағдайын жасау үшін мектептегі терезелер желкөздермен, москиттерге қарсы торлармен және кондиционерлермен жабдықталады.

ҰБТ өтетін жерлерде жеке гигиена сақтауға жағдайлар жасалуы керек: ұлдар мен қыздарға арналған жеке санитарлық торап, 30 балаға шаққанда 1 қол жуғыш, сұйық сабын, электр немесе қағаз сүлгілер.

Мектептерде бітіру кешін ұйымдастырғанда  жиі кездесетін бұзушылықтар:

- ата-аналарды тамақ әзірлеуге тарту

- ыдыстарды жууға тарту

- мерекелік үстелдерді жасауға

- мектеп бітірушілер кешіне арналған тағамды үй жағдайында жасау

Сонымен қатар, ең бастысы, медициналық тексерудің толық көлемінің болмауы, жұмысқа рұқсаты, біліктілігі жоқ адамдар тартылады.

Тамақтан улануды және өткір ішек инфекцияларын алдын алу үшін қажет:

- аудандық денсаулық сақтау Басқармасының ұсынымдарын есепке ала отырып, мектеп бітірушілер кешіне арналған мерекелік дастарханныңмәзірін құрастыру және ассортиментін жасау;

- тағамдарды дайындау, дастарханды жасауға, жұмысқа рұқсаттары, жеке медициналық кітапшалары бар адамдарға рұқсат ету.

Дені сау жастар- біздің мемлекетіміздің ішкі саясатының басым бағыты болып табылады.

 Баянауыл ауданы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы