Бруцеллездің алдын алу

Жарияланған: 14.02.2018


Бруцеллез - бұл ұзақ уақыт бойы жұмыс істеу қабілетінен айыратын, кейде мүгедектікке әкелетін жұқпалы ауру. Инфекция тасымалдаушысы - бұл қоршаған орта әсеріне жеткілікті түрде төзімді бруцелла  бактериялары. Ол мұздату және төмен температураға шыдайды. Бұл бактерия 5 айға дейін суда, сүтте 45 күнге дейін, мұздатылған етте - 5 айда, топырақта - 3 ай сақталады.

Бруцеллезбен барлық ауыл шаруашылық жануарлары ауырады, көбінесе қойлар, ешкілер, ірі қара мал мен шошқалар. Адам бруцеллезбен ауыратын қой мен ешкілерден  ауруды жұқтырса,  ауру ауыр түрде өтеді.

           Ауру малдар түсік тастау, төлдеу кездерінде айналасындағыларға қауіпті. Ауру малдарға күту жасау кезінде қажетті сақтық шараларын қабылдамаған адамдар, әсіресе қойлар мен ешкілерден, шикі сүт пен ірімшікті тамаққа пайдаланғанда, көң және жануарлар сұйықтығымен ластанған қолдар арқылы жұқтырады.

           Сонымен, 2017 жылы Павлодар облысында 14 адам, оның ішінде 2 бала бруцеллез ауруына шалдықты. 9 оқиға бойынша ауру жануармен байланысқан кезде жұқтырған.

Аурудың белгілері жұқтырғаннан кейін 2-3 апта өткенде пайда болады. Дене температурасын 39-40 градусқа дейін көтереді, безгек, бас ауруы, әлсіздік және көп мөлшерде терлеу. Кейін буындарда ауырсыну мен ісік пайда болады.

          Бруцеллезге қарсы алдын алу шаралары қандай?

  1. Ауыл шаруашылық малдарын вакциналау қажет.
  2. Мал бастарын бруцеллезге жүйелі түрде тексерілу керек.
  3. Ауру мал анықталған кезде– жануар оқшауланып ветеринариялық бақылауда кейіннен сойылу керек.
  4. Ауыл шаруашылық жануарларына күту жасау кезінде жеке қауіпсіздік шараларын сақтаңыз:

- жұмысқа дейін және кейін қолыңызды жуыңыз;

- жұмыс орнында шылым шегуге және тамақтануға болмайды;

- арнайы киімде жұмыс жасау (киім, қолғап, қолғап, резеңке етік, алжапқыш, бас киім);

- жануарларды төлдету кезінде резеңке қолғап киіңіз.

  1. Өнімді қатаң белгіленген орындарда (базарларда, дүкендерде және т.б.) сатып алыңыз. Ет пен сүтті сатып алу кезінде сапаны және қауіпсіздікті растайтын құжаттарды талап ету қажет;
  2. Нашар пісірілген, қуырылған ет, шикі сүт, пісуі жетпеген ірімшіктерді тамаққа пайдалануға болмайды.

Есіңізде болсын! Бруцелезді емдеуден гөрі алдын алу әлдеқайда оңай.

 

Баянауыл аудандық ҚДСБ эпидемиологиялық бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы