Введите ваш запрос для начала поиска.

Бруцеллез

Жарияланған: 27.03.2017


Бруцеллез жер шарының көптеген елдерінде таралған ауыру.
Қоздырғыш. Brucello тусының 6 турі бар: 9 биоварианты бар Br.abortus, Br.melitensiz-3, Br.suis-4, Br. Neotomac, Br. Ovis және Br. Canis. Барлық бруцеллалар полиморфты, /0,6-1,5*0,5-0,7 мкм/. Микробтар қозғалмайды, анименді бояулармен жақсы боялады, грам-теріс. Кейбір штамдар капсула түзеді.
Бруцеллалардың физикалық жэне химиялық факторларға төзімділігі жоғары емес. 60 С-да 30 минутта70 С-да 5-10 минутта, 90-100 С-та бірден өледі. Ашылған және салқын сутте, қаймақта микроб 4-7 кунге дейін сақталады, киімде – 14 кун, ірімшік,май, тұздалган теріде – 67 кун, тұздалған етте – 3 айға дейін сақталады. Топырақта, суда, ірі азықта – 4 айға дейін өміршендігін сақтайалады. Шіріген материалда микроб тез жойыла бастайды. Тіке тускен кун саулесі 3-4 сағатта, креомин, фенол, формацильдегид  (1%) ерітінділері бір сағатта, 5%-к жана сөндірілген әк – 2 сағатта өлтіреді.
Індеттік ерекшілктері - бұл аурудың табиғи ошағы болмайды.
Инфекция қыздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қаупті. Ондай жануарлар марана мен, шумен, тастанды жолмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру қыздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады.Қыздурышы микроб сонымен қатар сутпен, шәуетпен, нәжіспен және жесеппен бірге бөлінеді. Сиырдың жемінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда  2-3 жыл сакаталып, оқтын-оқтын сутпен бөлініп тұрады.
Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде каратиндеу ережелерін сақтамағанда, ауру және сау малдарды бірге жайганда, бір суаттан суарганда, бір жолмен айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын мал қараға ит пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар бруцеллезге шалдыққан малдардың шуымен  не тастанды төлемін жанаскан жағдайда микроб тасымалдаушыға айналады.
Індеттің жаңа ошақтарында бейім жануарлардың 60%-ке дейін инфекцияға шалдығу мумкін. Бас кезінде буаз мал ішінара, ал кейін жаппай іш тастауы мумкін. 2-3 жыл өткен  соң аборт байкалмайды, ал шеттен мал косканда індеттену өршіп, жаңа әкелінген және бұрын аурған малдарды қоса қамтып, тастау қайтадан қаулауы мумкін. Малды араластыру індетті өршетіп, оның жаңа ошақтарын қалыптастырады.
Малды өсіргенде, бағып куткенде ветеринарлық- санитарлық талаптарды дұрыс орындамау, соның нәтижесінде жануарлардың ауруға төзімділігінің нашарлауы, уақытылы шумен тастанды төлді жинамау, көңді тазаламау, дезинфекцияны ретті турде жасамау бруцеллездің шығуына жағдай тудырады.
Ауруды уақытында анықтау ушін бруцеллезге індеттік жағдайға байланысты жылына бір немесе екі рет малдарды жоспарлы жаппай диагностикалық тексеруден  өткізіледі. Бруцеллезге тән іне тастаудың басталу белгілері немесе басқа симптомдарды байқаса, малды дереу оқшаулайды.
Аурудан сәтсіз болуына байланысты шаруашылық ұйымдастыру, санитарлық және арнайы малдәрігерлік шаралар енгізілген арнайы даярланған календарлық жоспар саыуқтырылы\уда.
Ауру анақталған жеке мал иелерін, турін, мал басы тексеріледі және оң реакция бергендерін олардан алынған төлдермен қоса оқшаулайды және 15 күннен кешіктірмей етке тапсырылуын қадағалайды.
Медицина қызметі бір ай ішінде аудан аймағында анықталған ауру мал иелерінің от басы бруцеллезге зерттеуге баса назар аударуы қажет.
Бруцеллез ауруы тек мүйізді ірі қара малын ғана емес, сонымен қатар адамды да ауыртады. Бұл аурудың көріністері айқын білінбейді, сондықтан бұл ауруды анықтау арнайы бактериалогиялық зерттеулер арқылы жүзеге асады. Ауданда малдар түгел дерлік жеке шаруашылықта болғандықтан, малдардың бұл ауруға шалдығуы және әрі қарай таралуы тек мал иелеріне байланысты десек қате болмас. Өткені қазіргі таңда мал көптеген от басылардың кун көрініс көзі, сондықтан малдың ауырғандығын жасыру фактілері тіркеліп отыр.Мүйізді ірі қара арасында бруцеллез ауруы негізінен жыныстық жолмен таралып отыр, сондықтан аудан аймағындағы әрбір бұқа қатаң түрде бақылауда болу керек.
Адамға жұқтырмас үшін сутін қайнату мен өңдеу арқылы ерітілген шикі майға айналдырып, қалған сутті пастерилизация жасау керек;
Ауру емделмейтін болғандықтан етке тапсыру керек.
Ауру шыққанда шарушылықтың тартатын қаржылық шығындарын ескерсек, бруцеллез ауруын болдырмай алдын-алған экономикалық жағынан тиімді, әрі жануар мен қоса адам да ауыратынын ескерсек алдын-алған денсаулықтың кепілі болады.

Баянауыл аудандық   ТҚҚБ басшысы:                             Т.Н. Ишанова

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы