Ботулизм

Жарияланған: 13.03.2018


Ботулизм жалпы ағзаның улануына әкеліп соғатын инфекциялық аурулардың ауыр түрі. Сонымен бірге ол ауыр түрде жүйке жүйесін зақымдайды (оның ішінде жұлын және сопақша ми). Көп адамдар ботулизмның адам өміріне өте қауіпті екенін білмей, елемей жүре береді.

         Ботулизм Clostridium botulinum  таяқшасы бөліп шығаратын улы затпен бүлінген тамақтан жұғады. Бұл әлемдегі ең күшті уды шығарады. Бұл удың адамды өлтіретін дозасы- бірнеше мың микрограмм! Химия заңы бойынша бұдан күшті улағыш зат жоқ.

Ботулизм адамнан адамға жұқпайтын ауру. Инфекция тері, өкпе, ішек-қарын жолдары бойынша таралады. Адамның сауығуы ұзақ мерзімді және науқастың дәрігерге көріну мерзімі де маңызды. 

 Аурудың қоздырғышы- ботулизм клостриди- өте қозғалғыш, оттегі жоқ жағдайда өмір сүре алады және көбейеді, тіпті сусыз кеңістікте де тірі қалады. Барлығы клостридийдің жеті түрі белгілі. Өмір сүру барысында таяқшалар күшті улағыш зат шығарады.

Үй жағдайында ботулизм келесідей жолдармен жұқтыру мүмкін:

  • Үй жағдайында жасалған консервілерден;
  • Дұрыс өңделмеген саңырауқұлақ, көкөністерден;
  • Өсімдік майында тұрған дәмдегіштер, сарымсақтан;
  • Үй жағдайында дайындалған, консервіленген балық, әсіресе тыран.

                 Ботулизмның клиникалық көрінісі

Кез келген инфекциялық аурулар сияқты, ботулизмның  жасырын (инкубациялық) кезеңі болады. Ауру белгісі бірнеше сағаттан кейін  байқала бастайды.

Ауру тамақтан улануға ұқсайды. Ботулизмнің алғашқы белгілері: адамның басы ауырып, ұйқысы қашады, әлсірейді, лоқсып құсады.сонымен қатар көзінің қарашығы ұлғайып, зат қосарланып көрінеді, адамның жұтынуы қиындайды, бірте-бірте дауысынан айрылады. Ботулизмнің  алғашқы белгісі білінісімен науқасты ауруханаға жатқызу керек.

                 Ботулизмді  емдеу

Емдеу ағзадан токсиндерді шығаруға және болған өзгерістерді түзетуге бағытталған.

Ботулизмге күдікті адамдарды шұғыл түрде ауруханаға жатқызады. Ем асқазан мен ішектерді тазартудан басталады. Ол үшін адамды құстырып, клизма жасайды. Ішек-қарын жолдарын аурудың бірінші күні тазартқан жөн, өйткені оның ішінде бактериялармен уланған тамақ болу мүмкін. Асқазанды асқазан зондының көмегімен тазартуға болады.  

Жедел түрде ботулизмге қарсы арнаулы иммунды сарысу егіледі. Мұндай  сарысуды науқаспен бірге болып, күдікті  азық-түлікпен тамақтанған басқа да адамдарға да егу қажет. 

           Ботулизмның алдын алу

         Аурудың алдын алу мақсатында базар, сауда нысандарынан, белгіленген сауда орындарынан үй жағдайында дайындалған, қолдан жапқан консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс салат, ет, балық өнімдерін сатып алуға болмайды. Консервіленген салаттарды пайдаланған кезде сақтайтын, пайдаланатын уақыт мерзімін қараңыз, қақпағы күмпиген (бомбаж) салаттарды пайдаланбаңыз. Жеміс-жидек, көкөніс консервіленген кезде оларды жақсылап жуып, тазасын, бүлінбегенін пайдаланыңыз.

 Ботулиз – өте қауіпті ауру.  Өздеріңізді және өзіңіздің  денсаулықтарыңызды сақтаңыздар!

 

Баянауыл аудандық ҚДСБ.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы