Біз суды неден ішіп жүрміз?

Жарияланған: 16.10.2017


Су-бұл өмірдің таусылмас бұлағы.Онсыз Жер бетінде тіршілік жоқ.Егер адам азықсыз орта есеппен алғанда шамамен екі ай өмір сүре алса,ондасусыз бар болғаны үш күннен бастап жеті күнге дейін өмір сүре алады.Айырмашылығы айдан анық көрініп тұр.Бірак бір айтып өтетін жайт бар –біз ішіп жүрген судың сапасы.Нақтырақ айтар болса,бұл мақалада біз суды қайдан ішеміз және оның қандай зияны бар екендігі жөнінде айтатын боламыз.

Біздің дүкендегі сулардын көбі пластмасса бөтелкедерде құйылған және біз үшін ол бөтелкені өзімізбен бірге жолға ала салу түк емес.Кейде біз сақтығымыз үшін өндірушіні және бұл су қандай әдіспен тазаландығын ,құрамын оқып көніліміз жайланады.Бірак осы су құйылған ыдыс ше?Ол туралы ойланып көрдініз бе, тек жүзден бірі ғана шығар,оның өзі нақты емес.Пластик зиян және кейде улы заттар бөлетінін естігеміз,бірақ су құылған пластикке қатысы жоқ деп ойладық.Бекер-ақ.

Әділетті болу үшін пластиктердің барлығы бірдей зиян еместігін атап өткен жөн.Бірақ бұл жерде өзіміздің денсаулығымыз үшін нақтылап алған дұрыс.Қанша таңқалардық болмасын пластмасса бөтелкелерінің заттаңбасында пластиктің қандай типінен жасалғандығы жазылады.Бұл ақпарат өте маңызды.Қалай болғанда да келген пластик бөтелкенің ішідегі химикаттарды бөледі.Ал олардың айырмашылықтарын біз сіздерге түсіндіріп береміз. Кез келген бөтелкеде мынандай белгілердің біреуі болады№

 

PET немесе PETE

Бұл-ПЭТ-тер немесе бір рет қолданылатын бөтелкелер.Олар сұйықтыққа адамның  гормондық теңгеріміне әсер ететін ауыр металдар бөле алады.

ПЭТ-әлемде ең жиі қолданылатын пластмассаның түрі.Оның БІР РЕТ пайдалануға арналғанын есте сақтаған манызды.Егер сіз осындай бөтелкеге өз суыныздан құйсаныз,онда дайын болыныз,сіздің ағзанызға кейбір сілтілі элементтер мен ПЭТ жақсы көретін көптеген бактериялар түсуі мүмкін.

HDP немесе HDPE

Бұл-ешқандай зиянды заттар бөлмейтін өте жақсы пластик.Мамандар тек осындай бөтелкедегі суды сатып алуға кенес береді,әрине егер мүмкін болса.Қаупсіз және экология үшін де пайдалы:мұндай пластиктің қатты түрі,бұлар әдетте сүт,ойыншық,жуу құралдарын сақтау және пластикалық пакеттердің кейбір санын өндіру кезінде пайдаланылады.

PVC немесе V

Бұл материалдан жасалған заттар кем дегенде екі қауіпті химикат бөледі. Екеуі де сіздің гор-мондық теңгеріміңізге кері әсерін тигізеді. Бұл жұмсақ, иілгіш пластик, ол әдетте сұйық май және балалар ойыншығын сақтауда қолданыла-ды. Осыдан көптеген тұтынушылық тауарларға арналған блистерлі қаптамаларды дайындайды. Сондай-ақ ол компьютерлік кабельдерді қаптау-да қолданылады. Одан пластикті құбырлар және сантехникаға арналған бөлшектер дайындалады. Р\/С тікелей күн сәулесіне және ауа- райына айтарлықтай төзімді болғандықтан, көбінесе одан терезе жақтауларын және бақша шлангіле-рін жасайды. Сарапшылар егер оның баламасын тауып жатсаңыз, мұндай өнімді сатып алудан бас тартуды ұсынады.

LDPE

Бұл пластик бөтелкелер және пластамас-салы пакетгерді шығаруда пайдаланылады. Ол өзі сақтап тұратын суға химиялық заттар-ды бөлмейді. Бірақ ол суға арналған ыдыс үшін ғана қауіпсіз. Азық-түлік дүкенінен одан жасалған пакеттерді сатып алмаған дұрыс: себебі сіз сатып злған затыңызды жегеніңіз-бен қоймай, сіздің күрегіңіз үшін аса зиянды кейбір химикаттарды іажеп қоюыңыз мүмкін.

РР

Бұл пластик ақ немесе ашық тусті болады. ироптар мен йогурттарға арналған қаптама ларда қолданылады. Полипропилен жылуға беріктігімен бағаланады. Ол қызған кезде ерімейді. Салыстырмалы түрде алғанда қауіпсіз.

РS

Тез тамақтануға арналған кофе стақандары мен контейнерлер өндірісінде жиі қолданылады. Бірақ қыздырған кезде зиянды химикаттар бөле-ді. Полистирол - қымбат емес, жеңіл және ай-тарлықтай төзімді пластик түрі, алайда ол ыстық тамақтар мен сусындарды сақтауға жарамайды.

РС немесе арнайы белгілері жоқ пласт-масса

Бұл пластиктің ең қауіпті түрі. Бсуға арналған бөтелкелер мен тағамдарға арналған контей-нерлерді өндіру кезінде қолданылады. Поликар-бонаттан жасалған ыдыста тамақ пен суды сақтауға мүлдем болмайды: ол Бисфенол А бөледі, ол - сіздің эндокриндік жүйеңізді жоятын зат. Эстроген деген гормонның бөлінуін жояды.

Сонымен, қорытынды жасайық. Есте сақта-ңыз, егер сіз әріптік белгілерді ұмытып қалсаңыз сапалы пластмассалы бөтелкелер қатты болады. Оны мыжу және бүктеу мүмкін емес десе де болады. Зиян келтіруі мүмкін пластик жұқа және иілгіш келеді. Осы қарапайым қағидаларды есте сақтай отырып, сіз өз денсаулығы-ңызды сақтай аласыз. Жалпы, өзіңізге сенімді болу үшін дұрысы шыны ыдыс-такы суды алу керек. Осылай анағұрлым қауіпсіз болады. Сіздерге сәттілік және денсаулық тілейміз!

 

 

Баянауыл аудандық  ҚДСБ  басшысы                          Т.Н. Ишанова

  

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы