Биологиялық белсенді қоспалардың сапасы мен қауіпсіздігінің өзекті сұрақтары

Жарияланған: 01.09.2016


ББҚ- бұл дәруменді- минералды кешен, пробиотиктер, эубиотиктер, амин қышқылы препараты, полиқанықпаған май қышқылдары, спорттық тамақтану, ББҚ-  құрамында биологиялық белсенді бастауы бар табиғи шикізат негізінде, соның ішінде емдік шөптер, омарташылық, мал өнімдері.

ББҚ айналымы Кедендік одықтың Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкес болуы, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттармен (тіркеу құжаты) қоса жүруі тиіс.

Ережелер бойынша ББҚ-ды сатуға рұқсат етілмейтін жағдайлар:

  • - Мемлекеттік тіркеуден өтпеген;
  • - Жарамдылық мерзімі аяқталған;
  • - Сатудың тиісті жағдайлары болмаған кезде;
  • - Затбелгісіз, затбелгідегі ақпарат мемлекеттік тіркеу кезінде келісілген ақпаратқа сәйкес болмаған кезде;
  • - Затбелгіде қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жазылатын ақпарат болмаған кезде.

ББҚ-ды орау және таңбалау «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына жауап беру тиіс.

ББҚ нарығы жыл сайын өсіп, бұл өнімнің отандық және шет елдік өндірушілерінің  ассортименттері кеңеюде. Қазақстанда  «Биологиялық белсенді қоспалардың  қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» Техникалық регламенті бекітілген. Сонымен қатар, ҚР «Жарнама туралы»  Заңына  және  ҚР Әкімшілік кодексына енгізілген өзгертулерге сәйкес (ҚР Заңы 16 шілдедегі «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу)»   мемлекеттік тіркеу куәлігі және уәкілетті органның арнайы рұқсаттамасы болған жағдайда  ББҚ-ны жарнамалауға рұқсат беріледі.

 Барлық өзгертулер тамаққа қосатын биологиялық белсенді қоспалар нарығында қадағалауды күшейтуге шақырады.   

 

Баянауыл аудандық ТҚҚБ басшысы:                            Т.Н. Ишанова

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы