Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ)- дәрі-дәрмек пе әлде өнімге қоспа ма?

Жарияланған: 01.11.2017


Биологиялық белсенді қоспаның не екенін түсіну керек. ББҚ- бұл дәруменді- минералды кешен, пробиотиктер, эубиотиктер, амин қышқылы препараты, полиқанықпаған май қышқылдары, спорттық тамақтану, ББҚ-  құрамында биологиялық белсенді бастауы бар табиғи шикізат негізінде, соның ішінде емдік шөптер, омарташылық, мал өнімдері.ББҚ – тұрақты тұтынған кезде денсаулықтың жай-күйін жақсартуға арналған және адамның тамақтану рационын табиғи немесе табиғимен бірдей биологиялық белсенді заттармен байыту мақсатында олардың компоненттерін қамтитын өнімдерге арналған қоспалар. Бір сөзбен айтқанда, ББҚ адамның тамақтануын оңтайландыруға арналған және азық-түліктің немесе диеталық тамақтанудың  жалғыз көзі ғана емес.

Ең бастысы, ББҚ сатып алу кезінде тұтынушылар олардың  дәрілік зат емес және емдік қасиеттері жоқ екендігі жөнінде білуі керек.

Ережелер бойынша ББҚ-ды сатуға рұқсат етілмейтін жағдайлар:

- Мемлекеттік тіркеуден өтпеген;

- Жарамдылық мерзімі аяқталған;

- Сатудың тиісті жағдайлары болмаған кезде;

- Затбелгісіз, затбелгідегі ақпарат мемлекеттік тіркеу кезінде келісілген ақпаратқа сәйкес болмаған кезде;

- Затбелгіде қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жазылатын ақпарат болмаған кезде.

Тұтынушы тамаққа арналған ББҚ жарнама арқылы сатып алғанда келесі міндетті ақпаратқа:

1) сауда атауына;

2) құрамына кіретін белсенді  құрамдауыштар туралы мәліметтер;

3) қолдануға берілетін негізгі ұсынымдар;

4) қолдану тәсілі мен дозасына;

5) негізгі жанама әсерлеріне;

6) негізгі қарсы көрсетілімдерге;

7) балаларға, жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ емізу кезеңіндегі айрықша нұсқауларға;

8) сату шарттарына;

9) көрнекі және пайдалануға түсінікті нұсқаулыққа;

10) өндірушінің атауына, мекенжайына және Қазақстан Республикасында наразылықтарды қабылдауға өндіруші уәкілеттік берген тұлғаның атына;

11) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөміріне, берілген күніне назар аударулары қажет.

Диеталық қоспаларды жарнамалауда ғалымдардың, денсаулық сақтау саласы мамандарының және мемлекеттік  органдардың қызметкерлерінің ұсыныстарына сілтемелер болмауы тиіс.

Егер де сіз қоспалардың жерасты жолдарында, күдікті баршаға қолжетімді орындарда сатылып жатқандығын  немесе сізге бір таблеткамен барлық ауруларды емдеу туралы ұсыныс жасалса – көп жағдайларда бұл алдау.

Өндірушіні мұқият таңдаңыз. Бір күндіктерге сенудің қажеті жоқ. Жақсы компаниялар нарықта өте көп жыл болуы шарт. Еуразиялық экономикалық комиссияның www.eurasiancommission.org.  ресми сайтында мемлекеттік тіркелуі туралы куәлікті міндетті түрде тексеру қажет.

Диеталық қоспаларды таңдағанда өзі денсаулығыңызға ұқыпты қарап және негізгі нұсқаулықтарды орындаңыз!

Баянауыл аудандық қоғамдық

денсаулық сақтау басқармасының басшысы               Т.Н. Ишанова

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы