Аурухана ішілік инфекциясының алдын алудағы медицина қызметкерлерінің қол гигиенасы

Жарияланған: 11.05.2017


Денсаулық сақтау мекемелерінде  АІИ таралуының басты факторы медицина қызметкерлерінің қолдары болып табылады. Денсаулық сақтау мекемелерінде  медициналық қимылдардың саны кобейген сайын медициналық қызметкерлердің  қолдарын  және емделушінің терісін өңдеуде көп мәселелер туады.

Тері-адам денесінің сыртқы жабыны.Ішкі мүшелерді сыртқы ортаның механикалық әсерінен қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қызмет атқарады.

         Резиденттік микроағзалардан жай қол жуумен немесе антисептикалық  дәрілермен өңдеу бойынша теріден кетіру мүмкін емес.Өткінші микрофлора (ішек таяқшалары, клебсиелла,жалған монадтар,  сальмонелалар, алтын түстес стафилококк, ашытқы тәріздес саңырауқұлақтар,  көкіріңді таяқша және т.б.), біздің терімізге түсіп 24 сағат бойы сақталады және қолды сабынмен немесе антисептикпен өңдеу арқылы кетіруге болады.

    Тері антисептигі деп- антимикробтіқ құралдарды атайды,  теріде қоздырғыштардың қобейуін алдын алады, жергілікті және жүйелі инфекциялардың дамуын болдырмайды.

     Сұйық сабындарды мөлшерлік құрылғыларда пайдалану қажет. Қазіргі уақытта бірнеше рет пайдаланатын қабырға мөлшерлеуіштері кеңінен таралды. Осындай мөлшерлеуіштерді пайдаланудың шарттары жаңа сабынмөлшерін толтырар алдында босату, жуу, дезинфекциялау, сыйымдылықтарды кептіру. Жартылай толық мөлшерлеуіштің ішіне сұйық сабын құйыуға тыйым салынады.

         Палаталарда әр бір тексеруден кейін қолды сабынмен жуу мүмкіндігі болмаса, қолды спрей немесе антисептиқалық сулықтармен өңдеген жөн.

         Қолдың антисептикалық гигиенасы  гигиеналық жуудан  теріні жоғары деңгейде залалсыздандырады.

 Қолды өңдеу уақыты нақты тері антисептигін пайдалану нұсқаулығында көрсетілген ұсыныстарға сәйкес болу керек.

       Саусақты қолғапты пайдалану қол терісін қанмен және емделушілердің биологиялық сұйықтықтардан қорғау, сонымен қатар ота жасау немесе инвазивті қөзғалыстарда емделушілерді микроағзалардан қорғау.

         Қол гигиенасы медициналық көмек көрсетуде ең бастысы инфекциядан қорғайды, бұл қарапайым тәртіп барлық медициналық мекемелерде  қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау мекемелерінде  медициналық қызметкерлердің дұрыс және уақытылы қолдарын өңдеуі- аурухана ішілік инфекциясымен күресудің басты  іс-шараларының бірі және қызметкерлер мен емделушілердің қауіпсіздік кепілдігі.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы