Қауіпті ойыншықтар!!!

Жарияланған: 05.02.2018


Біздің балаларымыз қандай

ойыншықпен ойнап жур?

 

Біздің өміріміздегі ең қымбаттысы - балалар. Ата-ана қуанышын сезініг көргендер, бұл сөздің мағынасын бірден түсінеді. Көбінесе ата-аналар өз махаббаттарын сыйлықтармен, түрлі ұнамды ұсақ-түйек заттарды сыйлау арқыль білдіріп жатады. Біз балаларымызды еркелетеміз және олар ештеңеден, сонын ішінде ойыншықтардан қажеттілік көрмегендігін қалаймыз. Бұның бәрі әрине жақсы, алайда бұл тұсга «бірақ» деген сөз бар және ол айтарлықтай маңызды. Іс жүзінде, ойланбастан ойыншықтар сатып ала отырып, біз өз балаларымызға өзіміз қауіп төндіреді екенбіз. Қалайша? Қазір айтамыз.

 

Ойыншықтармен сәби дүниеге келгеннен бастап 12 жасқа дейін, кейде одан да жоғары жасқа дейін ойнайды. Ал кейбіреулері есейген шақта да ойыншықтар алып өздерін қуантып жатады. Бірақ осының бәрі бір көргенге қуаныш болып көрінгенімен, шындап келгенде олай емес. Бәріміз де канцерогендер, формальдегид, фенол, метанол, сынап, қорғасын деген заттарды естігенбіз, бірақ бұның бәрі біздің   сүйікті ойыншықтарға қандай қатысы бар деп ойланып көргеніміз  шамалы?  Шындап келгенде,  қатысы  бар екен, тіпті тікелей қатысы бар. Жосықсыз өндірушілер осы заттардың жоғары құрамы болатын арзан шикізатты балаларға   арналған ойыншықтар өндірісі   кезінде пайдаланады.

Алдымен бұл қандай заттар, қандай қауіпі бар, сондайақ, қандай белгілер тудыруы мүмкін екендігін түсінейік. Егер өзіңіздің балаңыздан осындай белгілерді байқасаңыз, онда дабыл қағу керек. Сонымен бірге сапасыз ойыншықтан тез арада құтылғаныңыз дұрыс.

Фенол хош иістендіргіш көмірсутек болыг табылады. Бұл өзіндік иісі бар түссіз кристалдь зат. Оны фенолформальдегидті шайыр, желім, әртүрлі пластиктер және былғары жиһаз өндірісін сондай-ақ балаларға арналған ойыншықтардь шығаруда пайдаланды. Фенол тері арқылы жоғары дем алу жолдары және асқазан-ішек жолдары  арқылы тез  сіңіріледі. Бұл мұрын-ның бітелуі, бас айналу,  бас ауруы лоқсу,  ұйқыныі бұзылуы дем   жетпеу  шілік  және  жүректің жиі соғуына   әкеліп соғады.  Бұл ретте ол баланың иммундық және жүйке жүйесіне әсер етеді,  сонымен  қатар аллергиялық реакциялар тудырады. Құрамында фенол  бар ойыншықтар негізінен Қытайда өндіріледі, әдетте өндірушісі көрсетілмейді.

Формальдегид - бұл түссіз газ, өткір иіс бар, суда және спиртта жақсы ериді. Ол өте улағыш. Формальдегид шайыр, пластиктер, бояулар, тоқыма өндірісінде қолданылады, олар сондай-ақ ойыншықтар дайындауда да пайдаланылады. Формальдегид ең қауіпті құралдардын бірі болып есептеледі.  Ол өте күшті улағыш реакция тудырады: лоқсу, жөтел, бронхылардың түйілуі. Формальдегид рак ауруын тудыратын канцероген болып табылады. Сарапшылар жұтқыншақ ісік ауруын тудыруда формальдегидтің байланысы бар екендігін дәлелдеген. Сонымен қатар жүргізілген зерттеулер деректері заттың лейкозға әкеліп соғатындығы туралы айтады.

Қорғасын - бұл балаларға арналған әшекейлердің: сақина, блезік, алқа, тана моншақ, мойыналқа, бойтұмар және т.б. құрамында болатын металл. Қорғасынның көмегімен өндірушілер өнімге күмістей жалтырауық береді. Бұндай әшекейлер өте қауіпті, әсіресе егер балалар ойыншықты аузына салса немесе жұтып қойса. Қорғасынның ағзаға түсуі ақыл-ойдың дамуына кері әсерін тигізеді, тіпті бала өліміне әкеліп соқтырады.

Өзімізді де, балаларымызды да қорғау үшін, ойыншықты сатып аларда саналылық білдіргеніміз абзал. Ол үшін ойыншықты сатып алғанда материалын, жабынын және бояуын қарап, заттаңбада таңбалаудың болуына назар аударып, иістің болуын тексеру және (мүмкіндігінше) және ойыншықтың боялған бетінің беріктігін (қолда қалып қойған бояу) тексеру керек. Ойыншықта балалар жұтып қоюы мүмкін ұсақ бөлшектер, өткір ұштар және бөлінетін бөліктері болмауы керек.

Сондай-ақ, ойыншықты сатып аларда қаптамасына назар аударыңыз. Қорабында мыналар көрсетілуі керек: тауардың атауы, өндіруші мен оның мекенжайы, техникалық регламентке сәйкестігі, тұтыну қасиеттері туралы ақпарат, өнді-рілген күні, сақтау мерзімі мен шарттары. Есіңізде болсын, тұтынушы тауардың қауіпсіздігін растайтын құжатты (сәйкестік сертификатын) талап етуге құқылы. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес сатушы тұтынушының талабы бойынша оған тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы мен қауіпсіздігін және оның жиынтықталымын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Заңды білу сізді және жақындарыңызды қорғауға көмектеседі!

 

ҚДСБ балалар, білім беру объектілерін санитариялық - гигиеналық қадағалау бөлімі.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы