Ата-аналарға егу туралы

Жарияланған: 01.11.2017


Құрметті ата-аналар,  балаларыңызды полиомиелит, дифтерия, көкжөтел, туберкулез, сіреспе, В гепатиті, қызылша, қызамық, эпидемиологиялық паротит тәрізді аурулардан қорғауға болатындығын білу қажет.

Қазақстандық егу кестесіне енгізілген  қандай ауруларға қарсы екпелер бар?

Полиомиелит (немесе балалар сал ауруы) - жұқпалы ауру, негізінен орталық жүйке жүйесіне, бірінші кезекте жұлынға әсер етеді. Ауру балаларды мүгедектікке әкелетін сал ауруының дамуына әкеледі.

         Өкір гепатит B - ауыр инфекциялық ауру, бауырының қабыну зақымдануы. Алғашқы кезеңде «В» вирустық гепатиті 50-90% жағдайларда созылмалы түрде өтеді, нәтижесінде кейінгі цирроз және бауырдың қатерлі ісігіне әкеледі. Жұқтыру жасы неғұрлым жас болса, созылмалы тасушы болу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

Туберкулез - ауру өкпені және бронхты зақымдайды,  бірақ басқа мүшелерді де зақымдау мүмкін. Туберкулезбен ауырғанда жалпыланған түрлері, туберкулез препараттарына төзімді туберкулез менингиті дамуы мүмкін.

Көкжөтел - тыныс алу жолдарының инфекциялық ауруы. Әсіресе  нәресте кезінде өкпе зақымдалу қаупі бар . Аурудың асқынуы -  энцефалопатия, сіңір тартылуына байланысты өлімге, естімеушілікке немесе эпилепсияға әкелуі мүмкін.

 Дифтерия–өткір инфекциялық ауруы, ағзаның улы зақымданумен,

негізінен жүрек-тамыр және жүйке жүйелері, сондай-ақ фибринді қабатымен жергілікті қабыну үрдісімен сипатталады.Жұқпалы токсикалық шок, миокардит, полиневрит, оның ішінде бас сүйегінің және перифериялық жүйке зақымдары, бүйрек үсті зақымдары, токсикалық нефроз сияқты асқынулар болуы мүмкін.

 

Қызылша -  жұқпалы вирустық ауру, ол дененің қызуының көтерілуімен, тұмаумен, жөтелмен,  қызыл бөртпе пайда болуымен қосарланады. Қызылша өте күрт жүреді, ол ларингит, трахеобронхит, круп, отит, пневмония, гепатит, энцефалит, миокардит сияқты қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Әсіресе, бұл ауру 2 жастағы әлсіреген сәбилерде ауыр түрде өтеді. Қызылшаның асқынуы пайда болуы мидың зақымдануына байланысты өмір бойы мүгедектікке әкелуі мүмкін, сонымен қатар соқырлық пен естімеушілік пайда болуы мүмкін.

 

Қызамық - бұл вирустық ауру, ол көбінесе дене температурасының қысқа мерзімді көтерілуімен, кішкентай бөртпеумен, барлық лимфа түйіндерінің ұлғаюымен бірге жеңіл түрде өтеді.

Жүкті әйелдерде ауру ұрықтың бұзылуына әкеледі.

Қызамықтың ең қолайсыз асқынуына жүкті әйелдерде болады. Болашақ анасы уақытылы қызамыққа қарсы екпе алмаса, онда баласы  жатыр дамуының аномалиясында ұшырайды: ауыр жүрек ақаулары, естімеушілік, катаракта.

Эпидемиологиялық паротит - бұл сілекей бездеріне әсер ететін кең таралған вирус инфекциясы.

Асқынулар - кеуде қуысының қабынуын (бала кезіндегі), аналық безді (қыздарда), энцефалит, менингит.  

 

Ата-аналар баланы екпеге әкелер алдында нені білу керек?

Кез келген егудің талабы - бұл баланың дені сау болу керек. Бала ауырып тұрған болса, ай бойы екпе жасау жөн емес. Екпеге барар алдында бала өзін қалай ұстайтынын бақылаңыз. Егер әлсіздікті байқасаңыз учаскелік дәрігерге айту қажет.Барлық егулер тек ата-аналарының жазбаша келісімі бойынша ғана жасалады. Вакцинация алдында, ата-аналар  вакцинаға берілген нұсқауларды оқуға құқылы. Сонымен қатар, егу бөлмесіндегі егу медбикесі жағымсыз реакциялар (дене температурасының шамалы артуы, вакцинация салынған жердің терісінің қызаруы,) туралы барлық ақпаратты жеткізу қажет.

 

 

 

Баянауыл аудандық ҚДСБ эпидемиологиялық бөлімі.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы