Ата-аналарға арналған жадынама

Жарияланған: 08.11.2017


Тынышталыңыз және кез келген ыңғайлы нұсқаны таңдаңыз.

Бірінші нұсқа: өзін-өзі өңдеу

  1. Дәріханадан педикулезді емдеудің кез-келген құралын сатып алыңыз.
  2. Баланың басын тазалаңыз

Берілген нұсқауларға сәйкес.

  1. Дәріханадан педикулезді емдеудің кез-келген құралын сатып алыңыз.
  2. Берілген нұсқауларға сәйкес, баланың басын тазалаңыз.
  3. Баланы нәресте сабынымен немесе сусабынмен жуыңыз. Ұлдардың шашын тақырлатып алу мүмкіндігі бар.
  4. Өлген жәндіктер мен сіркелерді механикалық түрде алыңыз (қолыңызбен алыңыз немесе тарақпен тараңыз)
  5. Балаға таза киім кигізіңіз.
  6. Балаңыздың төсек орнын және киімдерін басқа заттардан бөлек жуыңыз,

оларды буды пайдаланып үтіктеңіз.

  1. Барлық отбасы мүшелерін қарап, қажет болған жағдайда өңденіз. Өзіңізді де ұмытып кетпеңіз.
  2. Балаңыздың жағдайы туралы педикулезге қарсы іс-шаралар өткізу үшін балалар мекемесінің дәрігеріне (медбикесіне) хабарлаңыз.
  3. Баланың және барлық отбасы мүшелерін 7, 14, 21 күнде қайталап тексеріңіз, қажет болған жағдайда, жәндіктер мен сіркелер толық кеткенше қажетті өңдеуді қайталаңыз.

Екінші нұсқа: жеке өңдеу тәсілі

Ол сіздің балаңызда тері  аллергиясы болса және балаңыз 5 жасқа дейін болса мұқият жүргізіледі.

  1. Тірі жәндіктер жиі тараққа жіңішке жіп немесе мақта байлап, сығылған сірке суы ерітіндісіне малып тараңыз және ыстық сумен жуыңыз.
  2. Балаңыздың басының терісіне тигізбей  сумен 9% сірке суының ерітіндісімен шашын мұқият өңдеңіз және сіркелерді қолмен немесе тарақпен алыңыз.
  3. Баланы нәресте сабынымен немесе сусабынмен жуыңыз.
  4. Балаңыздың төсек орнын және киімдерін басқа заттардан бөлек жуыңыз,

оларды буды пайдаланып үтіктеңіз.

  1. Отбасы мүшелерін тексеріңіз, болған жағдайда өңдеу жүргізіңіз.

Отбасының ересек мүшелерін өңдеуге дәріханадан алынған педикулезге қарсы құралдарды пайдалануға болады.

  1. Баланың және барлық отбасы мүшелерін 7, 14, 21 күнде қайталап тексеріңіз, қажет болған жағдайда, жәндіктер мен сіркелер толық кеткенше қажетті өңдеуді қайталаңыз.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы