АПВ-дан вакцинациялау (адам папиллома вирусы).

Жатыр мойны обыры - бұл АПВ вакцинациялау арқылы алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік.

Қазіргі уақытта 86 ел өздерінің ұлттық иммундау бағдарламасына адам папилломавирусының вакцинасын енгізді. Бұл елдерге АҚШ, Канада, Австралия, Бразилия, Венесуэла, Ұлыбритания және ЕО басқа елдер кіреді.

16 елде қыздар мен ұлдарды да егеді. ДДҰ деректері бойынша, вакцина қауіпсіз және қарсы көрсетімі жоқ.

Америкалық қатерлі аурулар қоғамы (ACS), АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу жөніндегі орталықтардың (CDC) иммундау жөніндегі консультативтік комитеті барлық қыздар мен ұлдарды жыныстық қатынасқа түспес бұрын АПВ-ына қарсы вакцинациялауды ұсынады. Сонымен қатар, вакцинаны осы жас тобына арналған басқа вакциналармен қатар, мысалы, сіреспе, дифтерия, көкжөтел немесе менингококк инфекциясы екпелерімен қатар қолдануға болады.

Неміс ғалымы Харальд Хаузен (Harald zur Hausen) әйелдердің арасында екінші орында жатыр мойны обыры - адамның онкогенді адам папилломавирусымен (АПВ) туындағанын дәлелдеді, ол үшін 2008 жылы Нобель сыйлығының алды.

Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1700-ге жуық жағдайы анықталады, күніне орта есеппен 5 жаңа жағдай. Елде 600-ге жуық әйел осы аурудан жыл сайын көз жұмады.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы