Қансорғыш жәндіктерге энтомологиялық мониторинг жүргізу туралы

Павлодар облысы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 2018 жылғы 3 мамырдағы жағдай бойынша қалалар мен аудандардағы энтомологиялық жағдай туралы хабарлайды.

Павлодар қ. этномологиялық жағдай 1 мамырға бұдан бұрын ұсынылған.  2-3 мамырда Мойылды кентінде зерттеу жүргізілді, онда дернәсілдер тығыздығы 520,4 дана/шаршы метр (1-2 сатыдағы) құрады, «Яблонька» саябақтің дренаж жүйсінде зерттеу жүргізілді, онда дернәсілдер 205,2 дана/шаршы метр (1-3 сатыдағы) құрады. Өңдеудің болжамды мерзімі 5-6 мамыр.

Ақсу қ. 27 сәуірде дамбы аумағында, қалалық су каналдары аумағында, Астана көшесі бойынша жол бойы су айдыны жүйелеріне өңдеу жүргізілді. Өңделген учаскелерде мамандармен 24, 48, 72 сағат аралығында өңдеуден кейінгі есеп жүргізілді, онда тиімділік 99-100 % құрады.

 Ағымдағы аптада 6 су айдыны зерттелді, онда жасы бірінші сатыдағы маса дернәсілдері анықталды, тығыздығы жоғары емес 17,8–ден 85,4-дейінгі дана/шаршы метр келесі су айдындарында: Подкова көлі, Қарамырза көлі, мұнай базасы ауданындағы су айдындарында, Жағажай ауданында, Ақсу қаласының ескі бөлігінде; Беловка ауылының дренаж жүйесінде. 3 мамырға Ақсу қаласында өңдеуге көрсеткіштер жоқ, мониторинг жалғасуда.

Екібастұз қ. ағымдағы жылғы 27 сәуірде 18 шағын аудандарының су айдындарына өңдеу жүргізілді, тиімділігі 90 % құрады. Дернәсілдердің  орындарын анықтау үшін қаланың қалған участкелерінде мониторинг жалғасуда.

Облыстың жағажай аудандарында. Жасы бірінші сатыдағы маса дернәсілдері Качир (15,2 дана ш/м) және Ақтоғай (17,1) аудандарында анықталды.

Ауа райы жағдайына байланысты олардың баяу дамуы қадағаланады. Мамандардың қадағалауы бойынша қалған аймақтарда ағымдағы аптада дернәсілдердің туындауы тіркелмеген.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы