Қансорғыш жәндіктерге энтомологиялық мониторинг жүргізу туралы

Безгекті ескерту және қолайлы энтомологиялық жағдайды құру мақсатында және «Павлодар облысында адам үшін қауіпті қансорғыш жәндіктерден халықты қорғау жөніндегі іс-шаралар жол картасына» сәйкес:

  1. Масалардың төмендегі кезеңділікпен көбею орындарын анықтау мақсатында елді мекендерге жақын орналасқан таяз суларға тексеру жүргізіледі:

- сәуір: он күнде 1 рет ;

- мамыр: аптасына кемінде 2 рет;

- маусым: аптасына кемінде 3 рет;

- шілде-тамыз: аптасына кемінде 1 рет.

Ең көбі 2-3 жастағы маса дернәсілдері болған кезде уақытылы дезинсекцияны ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға хабарлайды. 

  2.Қанаттанған масалар мен шіркейлердің санын есепке алуды төмендегі кезеңділікпен жүргізілуде:

- сәуір: он күнде 1 рет ;

- мамыр: аптасына кемінде 2 рет;

- маусым: аптасына кемінде 3 рет;

- шілде-тамыз: аптасына кемінде 1 рет.

  1. Елді мекендерде айналасы 3-5 километр радиуста маса шабуылына ұшыраған тұлғаларға мониторинг жүргізілуде.
  2. Халық арасында масалардың көбею орындарын болдырмау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

Баянауыл аудандық ҚДСБ эпидемиологиялық бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы