Ғаламтор арқылы сауда жасаймыз

Жарияланған: 19.09.2016


Баянауыл аудандық Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасында 19.09.16ж.  ауданындағы мектеп асханасын жалға алушылармен және жеке кәсіпкерлермен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел өткізген уақытта ғаламтор арқылы сауда жасау  мәселелер талқыланды, өйткені біздің арамызда  ғаламтор арқылы сауда жасау қызмет түрлерін пайдаланатын адамдар өте көп. Бір жағынан бұл өте қолайлы, уақытты да үнемдейді. Бір қарағанда барлық жағынан жақсы, бірақ мұнда да келеңсіздіктер мен проблемалар бар. Тұтынушы ғаламтор арқылы тауар сатып алғанда нені білуі  керек, құқығы бұзылған жағдайда өз құқығын қалай қорғауы керек.

Әлемнің кез келген нүктесинен тауарга тапсырыс беріп, қалағаныңды сатып алуға мүмкіндік туды, әрине, шекара да кедергі бола алмайтын сауданың қызығы копті еліктіріп әкететіні шындық.  Дегенмен, мұндай сауда-саттықта да белгілі бір тәуекелдің бар екенін әркім түсінуі керек. Біріншіден, сатып алған затыңыз сізге дәл келе қаларына кепілдік бар ма, бұл  әрине киім мен аяқ киімге қатысты, ал ол техникаға қатысты болса ше, мәселен, сатып алған су жаңа телефоныңыз екі күн өткеннен кейін істен шығып жатпауына сенімдісіз бе? Ғаламтордағы дүкеннен сатып алған тауарыңыздан ақау шығып немесе сізге  келмей қагған жағдайда не істемексіз?

Электрондық сауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 наураздағы №264 Қаулысымен бекітілген Ішкі сауда ережесінің 105-107 тармақтарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы электронды сауданы  жүргізу  ережелерімен  регламенттеледі. Электрондық сауда электрондық саудаға  қатысушылардың  электрондық  байланыс құралдарын  пайдалана отырып, тауарлады сатып алу-сатуға арналған  келісімнің (шартының) негізінде сауда мәмілелерін  жасасу  жолымен жүзеге асырады.

Электрондық саудаға  қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау  сауда қызыметі   субьектілері үшін  көзделген  тәртіппен жүзеге асырылады. Электрондық сауданы  жүзеге асырудың тәртібі  Қазақстан   Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады. Яғни, Ғаламтор арқылы тауар алу банкомат арқылы берілген чекпен расталады. Егер тауар қандай да бір себептермен Сізге келмейтін болса, онда Сіз кәдімгі бөлшек саудадағыдай әрекет ете аласыз.

         Яғни әрекет ету тәртібі  дәл бөлшек саудадағыдай. Демек, ақауы  бар немесе өзіңізге  келмей қалған затты белгіленген уақыт ішінде кері қайтарып беруге құқығыныз бар. Бірақ , бір мәселе бар, кері қайтару бойынша шығыстар тұтынушы есебінен алынады, бұл да сіз үшін ыңғайсыз. Сондықтан, тапсырыс берген кезде, тауарды алғанда өте мұқият болғаныңыз дұрыс.

         Сіз менеджермен телефон арқылы сөйлескен кезде, тауардың кепілдік мерзімі  мен кері қайтару мүмкіндігі туралы біліп алғаныңыз жөн. Заттың қаптамасын ашпай тұрып та, тапсырысты кері  қайтаруыңыз мүмкін ғой. Немесе сайттан тапсырыс жасағанда, тауарды жеткізу және кері қайтаруға қатысты барлық ақпаратты мұқият  оқыңыз. Тауар кері қайтару кімнің есебінен және қалай жүргізіледі соған  назар аударыңыз. Өкінішке орай, тауарды үйіңізге жеткізген курьер оның ақшасын төлегеніңізше, киім болса, киіп көруге, техника болса қосып көруге рұксат етпейді. Пошта бөлімшесін тіпті, айтпай-ақ қоялық. Онда сәлемдемені жеткізу ақысын толық төлегеніңізше, оны қолынызға ұстап та көре алмайсыз.  Алайда, көптеген ғаламтор- дүкендер ақаулы бар тауарды айырбастауға кепілдік береді, осылай өз клиенттерімен жақсы байланыс орнатады. Егер сіз тауардағы ақауды курьер кетіп қалған соң немесе почта бөлімшесінен сәлемдемені алғаннан кейін ғана байқасаныз, онда тағы да ғаламтор-дүкенге  хабарласыңыз, егер өтіңішінізге негіз болса, міндетті түрі айырбастап беруі керек. Бірінші минуттан бастап тауардың сыртына мұқият қараңыз, курьер ақшаны алғаннан кейін  тауардың сыртына байланысты шығымды қабылдамайды.

         Бұрын таңсық болған ғаламтор саудасы Қазақстанға  енді-енді дендеп ене бастады, ал оңын ортақ айналымдағы үлесі  туралы ауыз толтырып айта алмаспыз, өйткені пайызы шамалы ғана. Көршілес Ресейдің  өзінде ол 1,6%-ды құрайды. Мәселен, Ұлы- британияда жағдай басқаша көрініс береді, ондағы онлайн- сауда бөлшек сауданың жалпы көлімінің 10% –ын, Германияда -8 %–ды, ал АҚШ - 6,5-ды    құрайды. Сонымен, саудаңыз сәтті болсын дейміз, бастысы сапалы тауарды ғана таңдап алыңыз!

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы