Акция білім басқармасымен бірлесіп халық арасында, балалар мен жасөспірімдер арасында санитариялық-ағарту жұмыстарымен өткізілді

         Баянауыл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы ағымдағы жылдың 2-6 қыркүйек аралығында іс-шаралар жоспарына сәйкес «Денсаулық аптасы» акциясы өткізілуде. Акция білім басқармасымен бірлесіп халық арасында, балалар мен жасөспірімдер арасында санитариялық-ағарту жұмыстарымен өткізілді:

- Майқайың п. №1 ЖОББМ КММ;

- Майқайың п. №2 ЖОББМ КММ;

- Служон с. Служон ЖОББМ КММ;

- Үшқұлын с. Үшқұлын ОББМ КММ.

Өткізілген семинарлар:

- «Жедел ішек инфекциясы мен тамақтан улануының алдын-алу»;

- гаджеттердің балалардың денсаулығына әсері;

- үйде оқушының жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру (жиһаз, жұмыс орны, жарық);

- оқушының күн тәртібі жоспарын дайындауға ұсыныстар;

- дұрыс тамақтану дағдыларын және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Вирустық гепатитке, жедел респираторлы вирустық инфекцияларға күдік бар науқастарды белсенді түрде анықтау үшін тексерулер ұйымдастырылды. Акция барысында жиһаз гигиеналық нормалар мен санитарлық ережелердің талаптарына сәйкестігі өлшенді.

Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын-алуға арналған көрнекі материалдар таратылды: буклеттер, жадынамалар, ұсыныстар.

Балалар мен жасөспірімдер үшін «Сау болу - бұл керемет!» тақырыбында диктанттар өткізілді. Таза ауада жаппай таңертеңгілік «Спортпен шұғылдан - бірінші бол!» жаттығулары өткізілді. Бірінші болып таңертеңгілік жаттығулады Служон орта мектебі бастады.  Бүгінгі  күннің ұраны: «Денсаулық - бұл күш».

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы