АИТВ/ ЖИТС-тың алдын алу туралы не білу керек?

       АИТВ- адамның иммун тапшылығы вирусы - адам ағзасын аурудан қорғайтын иммундық жүйені зақымдайды.

       Бірнеше жылдар бойы АИТВ індетін жұқтырғандар іс жүзінде сау болып қала береді, қалыпты өмір сүреді және өздерін білместен басқа адамдарға инфекция көзі ретінде қызмет етеді.

ЖИТС - жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы – АИТВ-дан туындаған ауру.  ЖИТС - бұл АТВ-инфекцияның соңғы сатысы.

      АИТВ-ны жұқтыру көздері:

      Қан арқылы

  • АИТВ жұқтырған донордан қан құйғанда немесе ағзаларын ауыстырып отырғызғанда.
  • Көктамыр арқылы есірткіні енгіізу кезінде инелер мен шприцтерді бірлесе қолданғанда.
  • Медициналық мекемелерде аз зарарсыздандырылған шприцтерді және басқа медициналық жабдықтарды қолдану АИТВ-ның жұқтыруына әкелуі мүмкін.
  • Татуировкалар мен пирсингтерге арналған стерильді емес жабдықты бірлесе пайдаланғанда.
  • Бөтен адамның тіс щеткалары мен қырыну керек-жарақтарын қолданғанда.
  • Маникюрді, педикюрды стерилденбеген құралдар арқылы жасаған кезінде, АИТВ жұқтырған адамның қанымен жұқтыру мүмкін.

Жыныстық қатынас арқылы: қорғалмаған (презервативсіз) жыныстық қатынастармен.

АИТВ жұқтырған анадан балаға: жүктілік, босану және емшек емізу кезінде.

АИТВ жұқтырылмайды:

  • Қол алысу арқылы, достық құшақтасу, сүйісу, жөтелу, түшкіру.
  • Өндіріс және үй жиһаздары арқылы (төсек-орын, жалпы ыдыс, ванна, дәретхана, бассейн, компьютер).
  • Қоғамдық көлікте.
  • Жәндіктер және жануарлар тістеу арқылы.

Инфекцияны қалай болдырмау керек?

- Жыныстық қатынас кезінде презервативтерді қолданыңыз.

- Стерильді инъекцияға арналған жабдықты ғана қолданыңыз және оны басқа адамдар қолдануға рұқсат бермеңіз.

- Тату және пирсинг үшін стерильді жабдықты қолданыңыз.

- Қанмен немесе қан іздері бар материалмен байланысқан кезде латексті қолғаптарды қолданыңыз.

- Тек жеке немесе жаңа жеке күтім құралдарын қолданыңыз (ұстаралық керек-жарақтары, тіс щеткалары).

- АИТВ-дан анадан балаға берілуін болдырмау әдістерін қолдану (жүктілік, босану кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде антивирустық препараттар, нәрестені емізуден бас тарту).

 

 Баянауыл аудандық ҚДСБ

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы