Абай болыңыз, туберкулез!

Туберкулез кез келген инфекция сияқты, жұқпалы.Көп жағдайда инфекцияның енуі адамның тыныс алу жолдары арқылы болады.Туберкулездің микробактериясы   (Koх таяқшасы) сыртқы ортаға өте төзімді.Сұйық ортада алты айға дейін сақталады, құрғаған жағдайда киімде, тұрмыстық заттарда-қоздырғышы бірнеше ай бойы қауіпті болып қалады.Туберкулез таяқшалары  адам ағзасына енгеннен кейін ұзақ уақыт қорғалған иммундық жүйенің арқасында бұғатталған күйінде қалуы мүмкін.Бірақ егер ағза әлсіреген болса және бактерияларға «қолайлы» жағдайлар жасалады- нашар тамақтану, дымқыл тұрғын үй, стресс, маскүнемдік және темекі шегу, бұл жағдайда Кох таяқшасы ауру тудырады.

Туберкулездің жұлымдығы бастапқы кезеңдерде науқастардың көпшілігінде шағын шағымдардың бар екендігін ғана көрсетеді: тершеңдік, құрғақ жөтел, себепсіз дене қызуының 37,5 °С дейін көтерілуі. Бірнеше ай өткеннен кейін, жағдай күрт төмендейді- көп мөлшерде қақырықпен жөтел қосылады, демікпе, дене қызуының көтерілуі, дене салмағының төмендеуі.Осы кезеңде туберкулезге шалдыққан науқастардың көпшілігі айналадағыларға қауіп төндіреді, өйткені көп мөлшердеауру жұқтыратын микробтарды  шығарады.Медициналық статистика көрсеткендей,  туберкулезбен ауыратын әрбір науқас ауруханаға жатқызылған кезге дейін  7-8 адамға жұқтыруы мүмкін.

Сондықтан, туберкулезді ерте кезеңінде анықтап, науқасты басқалардан дер кезінде оқшаулап, емдеуді бастау өте маңызды.Пациенттерді ерте анықтаудың ең ақпараттылық әдістерінің бірі жыл сайынғы флюорография болып табылады.

Баланы туберкулездің өткір жалпыланған түрінен қорғауға вакцина профилактикасы  көмектеседі. Бір ғана вакцина бар ол- БЦЖ, алғаш рет 1921 жылы қолданылған. Бұл вакцина тек жұқтырмаған адамдарға ғана жасалады. Жыл сайын күзде  барлық балаларға - туберкулездің диагностикасы жұргізіледі туберкулиндік тері сынағының көмегімен (Maну реакциясы) ағзадағы туберкулез бүркеніштерінің бар-жоғын анықтауға болады.

Туберкулездің алдын-алуда әрбір адамның жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау  маңызды рөл атқарады. Күнделікті өмірде, көшеде мұқият болу, өз жақындары мен айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтайды.

Бұл зұлым аурудан аулақ болу үшін, ағзаның қарсы тұруын арттыру қажет,ұтымды тамақтанумен қоса салауатты өмір салтын ұсану, дене шынықтырумен айналысу, өз ағзаңды шыңдату.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы