Абай болыңыз-сарып!

Сарып ауруы – адамның және жануардың қауіпті инфекциялық ауруы (барлық ағзаны зақымдайды) мүгедектікке алып келуі мүмкін.

Адам сарып ауруын:

- ауру малмен (ұсақ және ірі мүйізді мал, шошқа) және итпен жанасу және сою, оның ішінде мал төлдету кезінде;

- ауру малдардың шикі еті мен сүт өнімдерін тұтыну кезінде;

- ауру малдардың жүні мен терісін өңдеу кезінде жұқтыруы мүмкін.

Сарып ауруының белгілері:  буындардың, арқаның ауыруы, әлсіреу, (ұзақ уақыт) дене қызуының көтерілуі, терщеңдік, әлсіздік, тәбеттің болмауы, салмақ жоғалту.

Алдын алудың негізгі шаралары:

- малдарды сарып ауруына тексеріңіз, малдың ауруы және төл тастауы туралы ветеринариялық дәрігерге хабарлаңыз;

- малды сою және мал төлдету кезінде жеке бас гигиенасы қағидаларын сақтаңыз, арнайы киім киіңіз;

- мал төлдету кезеңіне балалардың, жасөспірімдердің, жүкті әйелдерді қатыстырмаңыз;

- рұқсат етілмеген сауда орындарынан ет және сүт өнімдерін сатып алмаңыз.

 

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы