Абай болыңыз – кене!

        Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағында аса қауіпті инфекциялық ауру – Конго-Қырым  геморрагиялық қызбасының (бұдан әрі – КҚТҚ) табиғи ошақтары орналасқан.

        Адам жанасу кезінде сырқаттануы мүмкін:

       - инфекция жұқтырған кенелермен жанасу ( әсіресе кене шағу немесе езілген кенемен жанасу);

       - ауру жануардың қаны арқылы (малды сойған кезде немесе етін бөлшектегенде);

       - науқас адамның бөліндісімен (қан, зәрі, сілекейі).

       КҚТҚ ауруының белгілері:

       дене қызуының белгілері, қалтырау, бас ауру, дененің құрысып ауыруы (бұлшық ет, буындардың ауыруы), мұрынның бітелуі, тамақ ауыру, көз коньюнктивасының қызаруы, іш, бел ауыру, лоқсу және құсу, иек, мұрын қанау, асқазан мен жатырдан қан кету, қан түкіру, денеде ұсақ бөртпелер мен көгерудің пайда болуы.

      Кенемен жанасудан сақтаныңыз!

      Табиғатқа (жайлауға, егістікке және даладағы демалу орындарына) шыққанда жәндіктердің (кене) шағуынан қорғайтын заттарды (репеленттер) өзіңізбен бірге ала жүріңіз.

      Дененің ашық жерлерін барынша жауып (бет, мойын, қол, тобық), ашық және бір түсті киім кигеніңіз дұрыс, жабық аяқ киім киіңіз.

      Денеге жабысқан кенені байқаған кезде:

      Оны қысқышпен ұстап абайлап алып тастау керек. Егер теріде тұмсығы қалып қойса, суырып алып, шыққан орынға йод тұнбасын жағу қажет. Кенені тек қолғаппен ғана алу қажет. Алынған кенелерді отқа жағыңыз.

 

Баянауыл аудандық ҚДСБ-ның эпидемиологиялық бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы