Қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу

Жарияланған: 15.03.2018


Заманауи медицинадағы ең өзекті мәселелердің бірі – қан айналым жүйесінің аурулары (бұдан әрі - ҚЖА). Бұл ауру сырқаттанушылық, мүгедектік, өлімжағдайында бойынша жетекшіорыналады.

Халықтың денсаулығына әртүрлі факторлар әсер етеді: өмір салты, тамақтану сипаты, олардың аурулар туралы хабардар болуы, сондай-ақ табыс, білім алу, еңбек жағдайлары және темекі шегудің кең таралуы, алкогольдік сусындарды тұтыну, аз қимылды өмір салты, денсаулығына деген ынтасының жоқтығы.

Қан айналымы жүйесінің ауруларының алдын алу

  • артық салмақ, семіздік – салмақтан арылу, әсіресе семіздік (дене салмағының индексі (әрі қарай ДСИ) 30-дан жоғары), артық салмақ (ДСИ 25-30) және абдоминальды семіру (ерлерде 102 см-ден астам, әйелдерде 88 см),бұл тұтынылатын азық-түлік көлемін азайту және физикалық белсенділікті арттыру арқылы;
  • әртүрлілікті есебінен -салауатты тағамды таңдау, сондай-ақ көкөніс, жеміс-жидек (кем емес 400-ден г / күн)майлы емес ет, майсыз сүт өнімдері, балық, құрамындабалық майы , omego май қышқылдары бар тағамдарды пайдалану. Майлы ет, май, жұмыртқа сарысы, шұжық өнімдері, майлы шұжықты асқа пайдалануды шектеу ұсынылады. Тамақтануда көбінесе өсімдік майы, солтүстік теңіз балықтары (скумбрия, сардины, майшабақ, т.б.), сонымен қатар тағамдық талшықтар (жеміс-жидектер- алмұрт, алма, апельсин), жидектер, көкөністер (қырыққабат, үрме бұршақ, бұршақ),жаңа піскен жемістердегі, жидектердегі (қара қарақат), көкөністердегі (сәбіз, қызылша)пектиндерді пайдалану.
  • темекі шегуді тоқтату - артериялық гипертониямен ауыратын барлық науқастарға, жүректің ишемиялық ауруы, темекі шегуді тоқтату 2 жыл ішінде мүлдем тоқтатту ұсынылуы керек, кенеттен қайтыс болу қаупі 36% және миокард инфарктісі 32% төмендейді;
  • физикалық белсенділік - барлық жастағы топтарда қажет, дене белсенділігі (көбінесе серуендеу) 30 минутқа дейін созылуы керек.
  • Қант диабеті бар науқастарда ишемиялық жүрек ауруы, миокард инфарктісі, инсульт алған науқастардың қан қысымы 140/90 төмен болуы керек. Әрбір нақты науқасқа гипотензивтік терапия қан қысымның деңгейіне ғана емес және қатар жүрген ауруларға байланысты болады;
  • • холестерин деңгейі - қанда 5,2-ден кем болуы тиіс, миокард инфарктісі, инсульт, қант диабеті бар науқастарда холестерин 4,5-тен кем болу керек. Емдеу 2-3 айдың ішінде антихолестеринді диетадан бастау керек, егер диета терапиясы көмектеспесе, дәрілік препараттар тағайындалады, көбіне статиндер жақсы төзімділікпен - терапия өмір бойы жұргізіледі, қарсы көрсеткіштер бауыр ауруы, бала кезі, жүктілік;
  • қант диабеті және метаболикалық синдром - белсенді емдеу микро тамырлық асқынулардың дамуына кедергі болып табылады, ең алдымен қан глюкозасының деңгейін, диетаны сақтауды, артық салмақты азайтуды, физикалық белсенділікті арттыруды;
  • Басқа дәрілік терапия: жүректің ишемиялық ауруы бар емделушілердің барлығына аспирин (аспикард, кардиомагнил, полокард) көрсетіледі; Миокард инфарктісінен кейін жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарға бето-блокаторлар көрсетіледі; АПФ-созылмалы жүрек жеткіліксіздігі немесе артериалдық гипертония.

Осылайша, қан айналымы жүйесінің аурулары мен олардың асқынуын болдырмау үшін тек 6 ережені орындау қажет:

• қан қысымын емдеудің тиімділігін бақылау

• холестерин деңгейін бақылау және нормалау

• дұрыс тамақтаныңыз

• дене белсенділігі қажет

• темекі тартпаңыз немесе бірден тастаңыз- сіз шынымен де қаласаңыз қиын емес

• ұзақ мерзімді стресстен аулақ болуға тырысыңыз

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы