2019 жылғы жазғы маусымда балалардың денсаулық сақтау ұйымдарын қадағалауды ұйымдастырудың өзекті мәселелері.

Нормативтік база

1.Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі.

2. !!! Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылы 3 сәуірде № 146 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.

3. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 16 тамыздаға № 611 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары.

4. Қазақстан Республикасының ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 24 ақпан № 128 бұйрығымен бекітілген Міндетті медициналық қарап тексеру қағидалары.

Балаларды сауықтыру объектілері жоғары эпидемиялық маңызы бар объектілерге жатады (арнайы тексеру тәртібі бойынша) (негіз- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 463 және «Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекелдерді бағалау критерийлері мен бақылау парақтарын бекіту туралы» 2017 жылғы 20 шілдедегі № 285 ҚР ҰЭМ бірлескен бұйрығы).

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 21-1-бап, 2 тармағы бойынша эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс жасауға рұқсат етілмеген;

Мектеп алды лагерлеріне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды қажет емес! СЭҚ объект ретінде мектепте болу керек.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылы 3 сәуірде № 146 бұйрығымен бекітілген «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 11 тармағына сәйкес:

Маусымдық жазғы БСО-да балаларды сауықтыру бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар пайдалану алдында және стационарлы БСО шатырлы қалашық нысандары бойынша санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алады.

Маусым айының 1-15 аралығында 6 маусымдық лагерлердің жұмысының басталуы жоспарлануда («Мечта»,«Қарлығаш», «Ақжелкен», «Балдаурен» Баянауыл ауданы, «Чайка», «Самал») санитарриялық қорытынды бойынша ешкім өтініш бермеді.

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды балалар денсаулығы ұйымының балалар келгенге дейін дайындығын тексеру кезінде беріледі. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы төтенше жағдайларда 100% кепілі бола алмайды.

Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 90-бабына сәйкес Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар жаппай және топтық инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулар мен улану пайда болған жағдайда, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығына қауіп төндіретін авариялық жағдайлар, өндірістің тоқтауы туралы, технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабарлау.

2019 жылғы жазғы демалыс маусымында мекемедегі қауіпті фактілер жағдайы туралы дер кезінде хабардар етілмеді.

Павлодар қаласының әкімшілігінің, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің Павлодар ауданы Мичурино ауылында орналасқан жыл бойы жұмыс жасайтын «Балдаурен»МКҚМ-сі 2018 жылы 15 маусымда объектіде өрескел бұзушылықтар бола тұра 157 бала әкелген. Маусым айында арнайы тәртіппен тексеру барысында құбыр желісінің жарылуына байланысты қолайсыз жағдайы анықталған, бөлімшесінің басшысының айтуынша 2017 жылдың қазан айынан бастап.Су қоймасынан судың ағуы анықталды, сумен жабдықтау желісін тот басқан, таңдалған су микробиологиялық, органолептикалық және санитарлық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Объектіде өндірістік бақылау жүзеге асырылмаған.

18 қызметкер медициналық тексеруден толық көлемде өтпей жұмысқа жіберілген. Азық-түліктердің сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болмаған.

Денсаулық сақтау органдарының уақтылы араласуына байланысты әкімдіктерді хабардар ету үшін мекеменің қызметі уақытша тоқтатылып, балалар шығарылып, жаппай тамақтан улануға жол берілмеді.

Үй-жайларды жөндеу және күту

Жазғы демалыс маусымының ашылуына дейін БСО-ды жөндеу және қалпына келтіру және алдын алу шаралары ұйымдастырылды және өткізілді:

- шағын үйлерде жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- инженерлік желілердің жұмыс істеу тиімділігін, желдету жүйелерін, кондициалауды тексеру;

- ауыз судызерттеу мен сумен жабдықтау құрылымдары мен желілері алдын ала жуу және дезинфекциялау;

- аймақты тазарту және көгалдандыру;

- алдын-алу дезинфекция, дезинсекция, дератизациялау шараларын жүргізу.

Жыл сайын объектілерде ағымды жөндеу жұмыстары өтеді.

Сауықтыру науқаны басталғанға дейін және әрбір ауысымның соңында техникалық қызметкерлер жалпы тазалық жұмыстарын жүзеге асырады.

Балаларды қабылдаудан кейін объектінің жұмысында бұзушылықтарға жол беріледі: санитарлық-гигиеналық нормаларды бұзу жағдайында қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру, ағымдағы және жалпы тазартуды өткізбеу, асхана мен ас үй ыдыстарын сапасыз өңдеу, нұсқауларға сәйкес емес дезинфекциялау құралдарын пайдалану және т.б.

Сондықтан мекеменің тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын қамтамасыз етуде медицина қызметкерінің рөлі өте маңызды, оған жүктелген функциялар әртүрлі.

БСО-да медициналық қамтамасыз етуге мыналарды қамтиды:

1) балалардың денсаулығын және ауруын азайтуға бағытталған денсаулық сақтау шараларын кешенді жоспарын әзірлеу;

2) ішу режимін және тамақтануды тексеруге;

3) үй-жайдың, аймақтың, жүзу және спортпен айналысатын орындардың дайын екендігін тексеруге;

4) балалардың денсаулық жағдайына, шынықтыру, сауықтыруына динамикалық бақылау жүргізу;

5) объекті қызметкерлерінің уақтылы медициналық тексеруден өтуін және ас әзірлейтін бөлік қызметшілерінің денсаулығына күнделікті бақылау жүргізу « Ас әзірлейтін бөлік қызметшілерін тексеру қорытындылары журналында» тіркеу;

6) кейігі түзетумен және азық-түлік мөлшерлерін орындау тізімдемесін жүргізуді қадағалау және негізгі азық түліктер бойынша тәулік мөлшеріне сараптама жасау;

7) БСО-ғы жағдайында балаларды оңалтудың тиімділігін бағалау;

8) жазатайым оқиғалар кезінде алғашқы көмек көрсету, жақын ауруханаға жеткізу;

2018 жылы республикада тамақтан уланудың топтық жағдайлары өткен 2017 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артты.

Барлығы 450 адам жапа шеккен 15 жағдай тіркелді, оның ішінде 33 бала; 2017 жылы 10 оқиға, 202 адам зардап шекті.

Жаппай тамақтан уланудың 15 жағдайының 2-і ұйымдасқан балалар топтарында, атап айтқанда №36 балабақшасында және Нұр-Сұлтан Қазақ агротехникалық университетінің жатақханасында орын алды.

1 жағдайда 16 науқастың – 12- дизентерия, 4-анықталмаған энтероколит; 12 науқастың 10-да– Shigella sonnei және 10-нан 8-інде-биовар «k»; екіншіде 16-ның 15-де- Salmonella enteritidis, біреуінде 1-де - Enterobacter aerogenes 105; БГКП, КМАФаМ және Е.соli дайын өнімде, сыртқы орта шайынында;

Объктілерде су ішу тәртібі ұйымдастырылады.

Ауыз су, оның ішінде сыйымдықтарға құйылған (графиндер, шәйнектер, сыйымдықтар) немесе бөтелкеге құйылған сапасы мен қауіпсіздігі бойынша санитарлық ережелер мен гигиеналық талаптарға сай келеді. Бөтелкеленген судың шығуы, сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттар қоса беріледі.

Кулерлер (диспенсерлер) өндірушінің нұсқауларына сәйкес үнемі тазаланады. Ол үш сағаттан артық сақталмаған жағдайда, қайнаған ауыз сумен пайдалануға рұқсат етіледі.

Жағажайлар. Су қоймалары.

Облыс аймағында 6 БСО-да (Баянауылда 4, Май ауданы және Аккулы ауданы бойынша 1-ден) табиғи су қоймаларында шомылу ұйымдастыруы жоспарланып отыр.

Санитарлық қағидаларға сәйкес:

- шомылу мерзімінің алдында БСО-ның әкімшілігі аккредиттелген ауыз су және резервуарлардан санитарлық-химиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, радиологиялық көрсеткіштерге және паразитологиялық көрсеткіштер бойынша топыраққа зертханалық зерттеу жүргізу;

- шомылуға арналған су бетінің шекарасы анық көрінетін, ашық көрінетін қалқып жүретін белгілермен белгіленеді.

- су қоймаларының төменгі жағы құмды, саздан, балдырлардан, табиғи ағаштан, өткір тастардан іріктеледі. Балалар шомылатын орындарындағы су қоймасының тереңдігі 0,7-ден 1,3 м-ге дейін.

Қажет болған жағажайда таза құм, жұмыр тас төгілді. Құмды жағажайларда аптасына кемінде бір рет жиналған қалдықтарды алып тастау арқылы құмның беткі қабатының механикалық жағдайда қопсыту.

Терінің іріңі, іріңдеген жарасы, күйген, дағы бар немесе, жұқпалы ауруларымен ауыратын, жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары, сонымен қатар науқастармен байланыста болған тұлғалар жұмысынан уақытша босатылған және тиісті медициналық тексеруден кейін дәрігердің қорытындысымен жұмысқа жіберіледі.

Медициналық қызметкерідің жұмыс күні ас бөлігінің жұмыскерлерін жұмыстарына кіріскендеріне дейін тексеруден, науқастанған тұлғаларды жұмыс істеуіне рұқсат бермеуінен басталады.

Су тию, асқазан-ішек ауруларының немесе басқа да жұқпалы аурулардың , іріңдеу, жара, күйю, дақ белгілері пайда болғанда, жұмысшыларды уақытша жұмысынан шектейді және дәрігердің қорытындысы бойынша тиісті тексеру және кейінгі медициналық тексеруден кейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Ас бөлігі жұмыскерлері өз отбасыларындағы барлық жұқпалы аурулар туралы хабарлауы керек. Тексеру нәтижелерi жұмыс басталар алдында ас бөлігінің қызметкерлерiнiң денсаулығын тіркеу Журналына жазылады, медициналық қызметкер қолын қояды. Нысанның жауапты тұлғалары ас бөлігіне келген өнімдердің сапасын, өнімдерді сақтау шарттарын және іске асыру мерзімдерін, күнделікті үлгідегі іріктеу мен сақтаудың дұрыстығы, тағам дайындау технологиясының сақталуы, асханада кезекші қызметкерлер мен кезекшілердің жеке гигиеналық ережелерін тексереді.

Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-ны күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

Палаткаларды (киіз үйлер) шөптесін немесе тапталған топырақты алаңқайларда орналастырады. Палаткалардың (киіз үй) айналасында атмосфералық су (палаткадан) ағатын еңісі бар жыралар жабдықталады. Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-ның аумағы периметрі бойынша жақсы көрінетін белгілермен (жалаушалар, ленталар және басқалар) белгіленеді немесе қоршалады. Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-да САҚ тұрғын аймағы мен ас блогынан кемінде 25 метр және шомылатын жерден кемінде 50 метр қашықтықта орнатылады. Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-да қажет болған жайғдайда биодәретханалар пайдаланылады.

Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-ны орналастыру орындарында жеке гигиена қағидаларын сақтау үшін жағдайлар жасалады. Қолжуғыштарды тапталған топырақты алаңқайда қалқа астында тұрғын аймаққа жақын орналастыру керек. Аяқ жууға, киім-кешек жууға, киімдерді кептіруге арналған орындар, қоқыс жинайтын орын көзделеді. Себезгі бөлмелерін ыстық сумен қамтамасыз ету үшін суды жылыту жағдайымен себезгі бөлмелерін, ас блогын жабдықтауға жол беріледі.

Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-да балалардың тамақтануын ұйымдастыру үшін тамақтандыруды ұйымдастырудың мынадай түрлеріне жол беріледі:

1) жақын жердегі қоғамдық тамақтану ұйымында тамақтану;

2) тасымалды ыстық тамақ (дайын тағамды термоконтейнерлермен жеткізу);

3) тамақты далалық ас үйді пайдалану арқылы дайындау;

4) тамақты ас блогында дайындау;

5) тамақты алауда дайындау.

Палаткалы (киіз үй) типтегі БСО-да тамақ дайындаған кезде тамаққа жауапты адам болады. Ыстық тамақ стационарлық асханадан термоспен жеткізіледі. Дайын бірінші және екінші тағамдар үлестіру температурасынан төмен емес температураны ұстап тұруды қамтамасыз ететін уақыт ішінде термоконтейнерлерде (термостарда) болады. Термоконтейнерлердегі дайын тағамы жеткізу уақыты дайындалған сәттен бастап өткізгенге дейін 2 сағаттан аспауы тиіс.

Жорыққа арналған өнімдердің типтік жиыны:

1) қара және ақ нан немесе кептірілген нан, печенье, кепкен тоқаш, галеттер, қытырлақ нандар;

2) жарма, макарон өнімдері, ботқаның дайын концентраттары немесе пакеттердегі сорпа концентраттары;

3) қорытылған сары май, өсімдік майы;

4) өнеркәсіптік өндірістің ет консервілері;

5) қант, кәмпит, шоколад, өнеркәсіптік қаптамадағы бал;

6) табиғи және (немесе) майлы балық консервілері;

7) балғын немесе құрғақ көкөністер;

8) құрғақ сүт, құрғақ кілегей немесе қойылтылған, консервіленген сүт;

9) ірімшіктің қатты сұрыптары;

10) балғын жемістер, кептірілген жемістер, жаңғақтар;

11) шөлмектегі су, шырындар, шай, какао ұнтағы.

Ойын түрінде санитарлық –түсіндірме жұмыстарын өткізуге ұмытпаңыздар.

Балаларыңызды көшеден келгеннен кейін, тамақ дайындамас бұрын және дәретханаға барғаннан кейін қолдарын сабынмен және ыстық сумен жақсылап жууды үйретіңіз, бұл-оларды ішек инфекцияларынан қорғауға көмектесетін.

Тек қана үгіттеу жұмыстарын өткізбей әсіресе ұйымдасқан балалар топтарында гигиеналық талаптардың орындалуын қадағалау!

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы