Пресс-релиз

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»  бағдарламасының екінші бағыты аясында Павлодар облысының Баянауыл ауданында және  моноқалаларында «Бастау Бизнес» оқыту жобасы іске асырылады.

Кәсіпкер палатасы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша екінші ағымда оқуға үміткерлер үшін өтініштерді қабылдау жүргізеді. Жоба Бағдарлама қатысушыларын кәсіпкерлік дағдыларға, соның ішінде ауыл шаруашылық кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сонымен қатар олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудың, халыққа жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуге қарамастан, жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар болып табылады. 
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тегін болып табылады және оқуды аяқтаған/оқуға қатысканы туралы сертификат алған қатысушылар бір жолғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. 

Оқуға үміткерлер келесі құжаттарды Өңірлік кәсіпкерлер Палатасының филиалына жүгінеді: жеке куәлік көшірмесі, мекенжай анықтамасы мен өтініш. Тестілеу 2019 жылғы 22 сәуірде өткізіледі. Оқу 2019 жылдың 25  сәуірде басталады. ӨКП филиалының мекенжайы: Баянауыл а., Гагарин көшесі, 62, тел. 87184091176

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы