Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» жобасының аудандық үйлестірушілерін жинақтауды жариялайды

Жарияланған: 28.02.2017


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың екінші бағыты аясында («Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту) Жобаның аудандық үйлестірушілерін жинақтау басталды.

Өңірлік үйлестірушілер ретінде қызмет көрсетуге үміткерлер (өтемелі қызметтер көрсетуге шарт негізінде) өңірлік кәсіпкерлер палатасының комиссиясымен қарастырылатын болады.

Аудандық үйлестірушілерге қойылатын талаптар:

Аудандық үйлестірушілер ретінде жұмыс жасау үшін жинақтауға төменде аталған талаптарға сәйкес келетін үміткерлер қабылданады:                                                                

- жоғарғы білімнің болуы;                                                                                                            

- сервистік қызметтер көрсету түрі бойынша кеңес берулер бойынша кем дегенде 1 (бір) жыл жұмыс өтілінің немесе осы салада кем дегенде 2 (екі) жыл жұмыс өтілінің болуы (мүмкіндігінше);                                                                                                                            

- мемлекеттік және орыс тілдерін білу;                                                                                       

- негізгі кеңселік бағдарламаларды білу, әлеуметтік желілер мен телефон мессенджерлерін белсенді пайдалану;                                                                                                              

- тіл тапқыштық және келіссөздер жүргізе білу.

Міндеттері:

«Бастау Бизнес» жобасының аудандық үйлестірушілерінің міндеттеріне төмендегілер кіретін болады:

- аудандық орталықтарда тәжірибелік сабақтарды ұйымдастыруға байланысты (ақпараттандыруды, тестілеуді ұйымдастыру) ұйымдастырушылық-техникалық мәселелерді шешу;

сабақтар жоспарын/кестесін келісу және орналастыру;                                                                    

-жеке кеңес берулер кетесін келісу және түзету;                                                                    

- жоба қатысушыларының қатысуын қамту;                                                                                               

- өткізілетін оқу тиімділігінің талдамасы («кері байланыс»,сапа  мониторингі және оқу тиімділігін бағалау);    

- бизнес-жоспарды дайындау және алдын ала қорғау кезінде оқушыларға көмектесу (қажетті құжаттарды жинақтау, кеңес беру және т.б.);                                                                

 - жоба бойынша есептік ақпарат дайындау және басқалары.

Аудандық үйлестуршілерді жинақтау мәселелері бойынша келесі байланыстар бойынша Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасына жүгіну қажет

Өңірлік кәіпкерлер платасы

Мекенжайы

Байланыс телефондары

 «Бастау Бизнес» жобасы бойынша байланыстырушы тұлға

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы

 Павлодар қ-сы, Ломов к-сі, 21

Тел: 8 (7182) 67-62-21, 66-03-11 ішкі 5511 e-mail: pavlodar@palata.kz

a.zhampeisova@palata.kz

Жампеиісова Анель

 

                Құжаттар қабылдаудың соңғы күні: 2017 жылғы 7 наурыз.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы