Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бастау-Бизнес» оқыту жобасының іске асырылатындығы жөнінде жариялайды

Жарияланған: 28.02.2017


Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты аясында ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Павлодар облысының бес аудандарында «Бастау Бизнес» оқыту жобасы өз ісін бастайды: Баянауыл, Ертіс, Қашыр, Павлодар, Шербақты.                                                          

1 наурызда «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға үміткерлер үшін өтінімдерді қабылдау басталады. Жоба Бағдарлама қатысушыларын кәсіпкерлік дағдыларға, соның ішінде ауыл шаруашылық кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сонымен қатар олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудың қатысушылары халыққа жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуге қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтушылар болып табылады. «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тегін болып табылады және оқуды аяқтағаны/қатысқаны туралы сертификат алған қатысушылар бір жолғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі. Оқыту үрдісінде Бағдарлама қатысушыларына кәсіпкерлікті жүргізу идеялары мен кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша құрылымдық білімдер ұсынылады. Оқыту үрдісінің жалпы ұзақтығы 30 күнтізбелік күннен аспайды. Оқыту үрдісі міндетті түрде өзіне жеке кеңес берулерді, сонымен қатар қаржыландыру мақсатымен жобаны қорғау мақсатында көпшілік алдында сөз сөйлеу қағидалары бойынша тренингтерді қамтиды.  

Оқу нәтижелері бойынша оқуды аяқтау туралы сертификат (бизнес-жоспарларды қорғау кезеңіне өткендер үшін) және «Бастау Бизнес» жобасына қатысқаны туралы сертификат беріледі. Оқуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынумен 2017ж.03.04. тестілеу кезеңіне қосу үшін Өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалдарына жүгінеді: жеке куәлік көшірмесі, мекенжай анықтамасы мен өтініш. ӨКП филиалдарының мекенжайлары:

1. Баянаул а., Гагарин к-сі,,62,  тел.87184091176                                                          

2. Ертіс а., Гагарин к-сі,85, тел.87183221074                                                                 

3.Тереңкөл а., Тәуелсіздік к-сі,85, тел.87183321671                                                        

4. Павлодар қ, Ломов к-сі,21 тел.87182660311 ішкі 5522                                                      

5. Шарбақты а., Әлімбаев к-сі, 65 тел.871836 21210

Өтінімді келесі мекенжай бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына беруге болады: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, 2 қабат, анықтама үшін телефон 66-03-11, ішкі 5511,5517.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы