Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бастау-Бизнес» оқыту жобасының іске асырылатындығы хабарлайды

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағыты аясында Павлодар облысының бес аудандарында «Бастау Бизнес» оқыту жобасы іске асырылады: Баянауыл, Ертіс, Қашыр, Павлодар, Шарбақты.

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша екінші ағымда оқуға үміткерлер үшін өтінімдерді қабылдау жүргізіледі. Жоба Бағдарлама қатысушыларын кәсіпкерлік дағдыларға, соның ішінде ауыл шаруашылық кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына, сонымен қатар олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқудың қатысушылары халыққа жұмыспен қамту орталықтарында тіркеуге қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтушылар болып табылады.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тегін болып табылады және оқуды аяқтағаны/қатысқаны туралы сертификат алған қатысушылар бір жолғы шәкіртақымен қамтамасыз етіледі.

Оқу нәтижелері бойынша оқуды аяқтау туралы сертификат және «Бастау Бизнес» жобасына қатысқаны туралы сертификат беріледі. Оқуға үміткерлер келесі құжаттарды Өңірлік кәсіпкерлер палатасының филиалдарына жүгінеді: жеке куәлік көшірмесі, мекенжай анықтамасы мен өтініш. Тестілеу 2018 жылы 8 тамызда өткізіледі.

ӨКП филиалының мекенжайы:

Баянаул а., Гагарин к-сі, 62 үй,  тел. 87184091176

Өтінімді келесі мекенжай бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына беруге болады: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, 2 қабат, анықтама үшін телефон 66-03-11, ішкі 5511,5517.

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы